RU

Әкімді кабинетіне кіріп, ұрып тастаған кәсіпкер босап шықты

Талдықорғанда шаһар әкімінің орынбасарымен төбелескен кәсіпкер араға бір ай салып түрмеден босап шықты. Алматы облыстық соты қалалық инстанцияның үкімін өзгертіп, оны қоныс колониясынан бостандыққа шығарды деп хабарлайды КТК арнасы.

Алмасбек Садырбаев қалған мерзімін шартты түрде өтейтін болды. Алайда бұл шешімге осы оқиғадан кейін қызметінен кеткен экс-шенеунік қарсы шықты.

"Құрметті судья, сізден қалалық соттың үкімін бұзбауды сұраймын. Өйткені Алмасбек Садырбаев бұрын да істі болғанымен, одан еш қорытынды шығармаған. Осы жолы да оның тәртібі түзеледі деп айта алмаймын. Мемлекеттік қызметкерді жұмыс кабинетінде ұрып-соғу деген не масқара? Олардың құқын сонда кім қорғайды?", - дейді жәбірленуші Асқар Тұтыбаев.

Алайда Талдықорған әкімінің бұрынғы орынбасары Асқар Тұтыбаевтың сотта ауыз толтырып айтқан сөзіне судья құлақ аспады. Сөйтіп, Алмасбек Садырбаевтың шағымы қанағаттандырылып, ол түрмеден дереу босатылды. Қалған 11 айын енді шартты түрде өтемек.

Естеріңізге салсақ, биыл жазда кәсіпкер жүн өткізгені туралы құжатқа қол қоймаған Тұтыбаевпен жаға жыртысып қалған еді. Сот Садырбаевты айыпты деп танып, жазасын бір жылға қоныс колониясында өтеуге жіберген болатын.

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда қараусыз қалған сәби қонақ үйдің бесінші қабатынан құлап кетті

«Жоқ, жоқ», «Зың-зың»: Мақпал Жүнісова елімізде мағынасыз әндер қаптап кеткеніне күйінді (видео)

Ақтөбелік имам: Тұрмысқа шыққысы келетін қыздар мен ішіне жын кірген адамдар көбейген

Екі аяғынан айырылған алматылық қыз сотта жол апатының қалай болғанын айтты

Қазақстан футболшылары әйгілі Мессимен бірге доп тебу бақытынан айырылып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1656840-akimdi-uryp-soqqany-ushin-turmege-zhaby.html