RU

Қуандық Бишімбаевтың сотқа тартылатын күні белгілі болды

Бұрыңғы Ұлттық экономика министрінің атышулы қылмыстық ісі бойынша алдын ала сот тыңдалымы келесі сейсенбіде өтпек деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазір 350 томнан тұратын іс Астана қаласының ауданаралық сотына жетіп, судьялар материалмен танысып жатыр. Ал, айыпталушы орынында Қуандық Бишімбаев бастаған бас аяғы 23 адам. Олардың 20-сы кінәларын мойындап, мемлекетке келтірген шығынды өтеп берген. Ал, экс-министр тағылған айыппен келіспей отыр.

Мәліметтерге қарағанда, ол қылмыстық топ құрып, 8 дерек бойынша ірі көлемде пара алған. Және 1миллиард теңгеден астам бюджет ақшасын жымқырды деген айып тағылған болатын. Жыл басынан бері қамауда отырған Бишімбаевтың ісі сотқа өткен аптада жолданған еді.

Тағы оқыңыздар: 

Әкімді ұрып-соққаны үшін түрмеге жабылған кәсіпкер босап шықты

«Жоқ, жоқ», «Зың-зың»: Мақпал Жүнісова елімізде мағынасыз әндер қаптап кеткеніне күйінді (видео)

Ақтөбелік имам: Тұрмысқа шыққысы келетін қыздар мен ішіне жын кірген адамдар көбейген

Екі аяғынан айырылған алматылық қыз сотта жол апатының қалай болғанын айтты

Қазақстан футболшылары әйгілі Мессимен бірге доп тебу бақытынан айырылып қалды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1656882-quandyq-bishimbaevtynh-sotqa-tartylat.html