RU

Еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғып, қар жауады

Қазақстан территориясына барған сайын қардың жаууын әкелетін циклондар жылжып жатыр. Республиканың батысында орналасқан циклон, солтүстік және батыс облыстарында жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашынды тудыруда деп хабарлайды kazhydromet.kz.

Жақын үш тәулікте жауын-шашын барған сайын қарға ауыса бастайды. Циклонның жылжу шамасы бойынша және онымен республиканың солтүстік-шығысына суық атмсофералық фронттармен байланысты, солтүстік, сонан соң және шығыс облыстарында қатты қар жауу, батыстық ұйытқымалы 23-28 м/с жел, кейбір жерлерде боран, көктайғақ күтіледі.

Жақын тәулікте Қазақстанның оңтүстігінде, 25 қазанда оңтүстік-шығысында, жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі. Қазірдің өзінде таулы аймақтарда жаңбыр және қар жаууда. Еліміздің көп бөлігінде ауа температурасы төмендеп, климаттық нормадан  3-5º С төмен, оңтүстік облыстарда нормаға дейін төмен болады.

Тағы оқыңыздар:

Қуандық Бишімбаевтың сотқа тартылатын күні белгілі болды

Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті

Қызғаншақ жігіт сүйіктісін алып қашып кеткен азаматты аяусыз өлтіріп тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1656921-elimizdinh-basym-boliginde-qatty-zhel-s.html