RU

Мұратхан Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті кімнің тапсырысымен өлтіргенін айтып берді

Қоқан-лоққы жасады деген айыппен сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди 2004 жылы болған атышулы қастандыққа қатысты тың мәліметтерді жария етті. Оның айтуынша, ТұранӘлем банкінің басшысы Ержан Тәтішевті өлтіруге оның бұрынғы әріптесі Мұхтар Әблязов тапсырыс берген деп жазады baq.kz.

Бұл мәліметтер КТК телеарнасында көрсетілген «Звали его Мурка атты» деректі фильмде айтылады. Онда қазір ауруханада жатқан Тоқмәди бұдан бірнеше жыл бұрын ТұранӘлем банкінің басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті қалай атып өлтіргенін мойындайды.

Ол кезде бұл қайғылы оқиғаға қатысты іс аң аулау кезінде мылтықтың байқамай басылып кетуі салдарынан болған жағдай ретінде сипатталған болатын.

«Ол (Мұхтар Әблязов – ред.) мәселені Ержанның көзін құрту жолымен шешуді ұсынды. Оның айтуынша, оқиға аңшылық кезінде болуы және абайсыз өлім болып көрінуі тиіс еді», - дейді Мұратхан Тоқмәди.

ТұранӘлем банкі Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Серік Уәлиев мәселе Мұхтар Әблязов пен Ержан Тәтішовтің арасындағы араздықтан шыққанын айтады. Оның сөзіне қарағанда, Ержан Тәтішевті жұрт қаржы ісінің генийі деп атағаны Әблязовқа ұнамаған.

«Мұхтар өзін Ержан лақтырып кетті деп біліп, осы себепті оны жек көрді. Мұны ол ашық айтатын», - дейді банктің Директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі Жақсылық Жәрімбетов.

Мұратхан Тоқмәди 2004 жылдың желтоқсан айында Тәтішевке өзі қоңырау шалып, бірге аң аулап қайтуға шақырғанын айтады.

«Жолда ол рөлге өзі отырды да көлікті қатты айдады, қасқыр қуып бара жатқанбыз. Оның күзетшісі қаруды маған берген сәтте мен Ержанды атып өлтірдім», - дейді Тоқмәди.

Бұл іс бойынша сот үш жыл жүрді. Қанды оқиға, мылтық, оқтың бағытына қатысты детальдардың сот сараптамасын жасау кезінде қалай бұрмаланғаны фильмде егжей-тегжейлі баяндалады. Тоқмәди осындай сараптама жасату үшін 20 мың доллар төлеген.

«Бәрі ойлағандай шешілді. Абайсызда адам өліміне әкелген оқиға болып шықты. […] Бәрі Әблязовтің ісі екенін түсіндім. Ержанның өлімі - Әблязовтің тапсырысы», - деді Тоқмәди.

Ержан Тәтішев 1997 жылдан 2004 жылы қаза болғанға дейін Қазақстандағы жүйеқұрушы банктердің бірі ТұранӘлемнің Басқарма төрағасы болды. Бұл банк Мұхтар Әблязовтің бақылауына өтіп, БТА банк болып өзгерді.

Тәтішевтің өлімі бұрын нұсқада жарияланған болатын. «Ержан Тәтішев «Тойота Ланд Крузер» көлігімен далада аңды қуып келе жатқан. Қуып жеткен кезде ол 12-калибрлі мылтықты арт жақтан отырған Мұратхан Тоқмәдиге берген. Дәл осы сәтте джип шұңқырды басып өтіп, мылтық өздігінен атылып кеткен. Оқ Ержанның шүйдесінің оң жағына тиіп, сол жақ көзінен шығып кеткен».

Оқиға 2004 жылы 19 желтоқсанда Жамбыл облысындағы Отар станциясы маңында сағат таңертеңгі 11 шамасында болған.

Ал кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди биылғы 12 қазанда кәсіпкер қоқан-лоққы жасағаны және қаруды заңсыз сақтағаны үшін үш жылға сотталған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Қуандық Бишімбаевтың сотқа тартылатын күні белгілі болды

Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті

Қызғаншақ жігіт сүйіктісін алып қашып кеткен азаматты аяусыз өлтіріп тастады

Еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғып, қар жауады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1656945-muratkhan-toqmadi-bankir-erzhan-tatishe.html