RU

Головкин-Альварес жекпе-жегінен кейін басы дауға қалған төреші жұмысына оралды

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес кездесуінде жеңісті мексикалыққа беріп, жанкүйерлердің наразылығын туғызған төреші Аделаида Берд кәсіби қызметіне қайта оралды деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған baq.kz.

Сенбі күні Берд америкалық Кэмерон Креал мен жапон Соки Сакаи жекпе-жегіне төрешілік етті. Берд 76-76 есебімен қос боксшы тең түсті деген шешім шығарды, ал қалған төрешінің бірі жеңісті Креалға берсе (77-75) , бірі 76-76 есебін тіркеген.

Бұдан бұрын Невада штаты Атлетикалық комиссиясының атқарушы директоры Боб Беннетт төреші Аделаида Берд бокстан шеттетілмейтінін, тек оған қысқа үзіліс берілетінін мәлімдеген еді.

Естеріңізге сала кетейік, 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өткен Головкин-Альварес жекпе-жегінде төрешілер даулы шешім қабылдаған болатын.

Аделаида Берд 118-110 есебімен «Канело» басым түсті десе, Дэйв Моретти Головкин жеңді деген шешім шығарды – 115-113, ал Дон Трелла кездесу тең өтті деген пікірде болған – 114-114.

Тағы оқыңыздар:

Қуандық Бишімбаевтың сотқа тартылатын күні белгілі болды

Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті

Қызғаншақ жігіт сүйіктісін алып қашып кеткен азаматты аяусыз өлтіріп тастады

Еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғып, қар жауады

Мұратхан Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті кімнің тапсырысымен өлтіргенін айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1656986-golovkin-alvares-zhekpe-zheginen-keyi.html