RU

Қызының тұрмысқа шығатынын естіген ер адам тікелей эфирде өз-өзін атып өлтірді

Түркияда қызының тұрмысқа шығып жатқанына ренжіген ер адам Facebook Live тікелей эфирінде өз-өзін өлтірді деп хабарлайды Baq.kz. Бұл туралы New York Post-қа сілтеме жасап lenta.ru жазады.

Түркияның Кайсери қаласында 54 жастағы Айхан Узун желіде қызының рұқсатсыз тұрмысқа шығып жатқанын, сол үшін өмірімен қоштасатынын айтқан.

«Мені осындай жағдайға душар еткендер жерлеуге келмей-ақ қойсын», - деген ол.

Ер адамның айтуынша, әйелі «қызының өміріндегі ең маңызды күні туралы» телефон арқылы естіртіпті.

«Ешкім менен рұқсат сұрамады. Менімен ер адам ретінде ешкім санаспады», - деген әкесі.

«Қош болыңдар, мен сендерді тастап бара жатырмын, өздеріңді күтіңдер», - деген Узун Facebook-тің тікелей эфирінде өзін өзі атып тастаған.

Желі қолданушылары түркиялық азаматтың қолына алған тапаншасын көріп, оны райынан қайтаруға тырысқан көрінеді.

Тағы оқыңыздар:

Қуандық Бишімбаевтың сотқа тартылатын күні белгілі болды

Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті

Қызғаншақ жігіт сүйіктісін алып қашып кеткен азаматты аяусыз өлтіріп тастады

Еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғып, қар жауады

Мұратхан Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті кімнің тапсырысымен өлтіргенін айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1657108-qyzynynh-turmysqa-shyghatynyn-estigen-e.html