RU

Ксения Собчак президент болса әуелі Ленинді жерлемек

Ресей президенті боламын деген танымал тележүргізуші Ксения Собчак егер осы мүмкіндікке қолы жетсе, ең алдымен орындайтын үш міндетін атап өтті деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы Ксения Юрий Дудьтың YouTube-каналындағы «вДудь» сұқбат алаңында айтты. Тележүргізуші алдағы уақытта Ресейдің перзиденті болса әуелі Мемлекеттік Думаны таратып жібермекші. Себебі ол бір айтқанын қайталай беретін «тотықұс текті» Думаның болғанынан болмағаны жақсы деп отыр.

Екінші кезекте Владимир Ленинді «жер қойнына» тапсырмақшы.

«Бұл жақсылық пен жамандықтың шекарасы. Қалай дегенмен біз орта ғасырда өмір сүріп жатқан жоқпыз ғой», - дейді Собчак.

Үшіншіден Ксения Кремльді есігі айқара ашық алаңға айналдырмақшы.

«Мен біздің парламенттің де керемет ғимаратта отыруға, президент қайда отырса, сол жерде отыруына құқы бар деп санаймын. Әрі бұл ең маңызды әрі символикалық мәні бар мәселе деп ойлаймын», - дейді президент болғысы келетін журналист.

Сондай-ақ, тележүргізуші егер сайлауда тағы да Путин жеңіп, өзіне премьер-министр болуды ұсынатын болса, ол ұсыныстан бас тартатынын айтты.

Тағы оқыңыздар:

Еркенің хит болған "Қайда" әнінің авторы бар шындықты айтып берді фото)

Қызының тұрмысқа шығатынын естіген ер адам тікелей эфирде өз-өзін атып өлтірді

Хитке айналған "Зың-зың" әнінің авторы қайтыс болды (фото)

Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай босатылуы мүмкін

Айгүл Иманбаеваның екінші рет тұрмысқа шығатыны рас па?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1657240-kseniya-sobchak-prezident-bolsa-aueli-l.html