RU

ОҚО-да адам көргісіз күйде болған жедел жәрдем бекеті бір түнде өзгеріп кетті (видео, фото)

ОҚО-да "соғыс кезін" еске салатын жедел жәрдем бекеті жаңа орынға көшті. Бұл туралы ауыл биі Иса Қалыбеков және ауыл округінің төбе биі Бөрібек Буаш, Сайрам аудандық мәслихат депутаты Сихымбай Сағындықов өңірдегі NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

ОҚО-да "соғыс кезін" еске салатын жедел жәрдем бекетінің жағдайы туралы NUR.KZ порталында ақпарат жарияланған соң, облыстық денсаулық сақтау басқармасы ауылдағы медициналық мекемеге ат басын бұрмақ болады.

Жауапты басшылар келеді деген қауесетті естіген дәрігерлер, бір күннің ішінде емханаға көшіп үлгерген. Бірақ, жаңа орында мемлекеттік мекеменің атауын растайтын тақтайша әлі ілінбеген.

Сондай-ақ ескі ғимараттың ішінде дәрігерлер жұмыс істейтін бұйрық қағаздары сол күйінде ілініп тұр.

"Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округінде жедел жәрдем бекеті совет үкіметі кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін ескі ғимарата отырып келгенін дәлелдеп беремін. Мен мұны толық растай аламын. Өйткені дәл ескі ғимараттың қасындағы үйде көрші болып тұрамын. 23 қазан күні кешкісін сағат жетілерден бастап емхана ғимаратына көшірілді", - дейді ауыл биі Иса Қалыбеков.

Өкініштісі сол, жедел жәрдем бекетіне емхананың дәлізі бөлінген. Жергілікті депутатың сөзінше, жаңа орындағы дәлізде медициналық талаптар сақталмаған. Дәрігерлер үшін қажетті жағдай жасалынбаған дейді.

Бұл жағдайға байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы сұхбат беруден бас тартып отыр. Жауапты басшылар жедел жәрдемдегі мәселенің шешілуін ресми түрде растамады. Дегенмен, жергілікті халық өзгенің өмірін арашалап қалатын ақ халаттылардың мәселесі шешіліп, оларға төнген қауіптің алдын алғанына қуанышты.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанға өту үшін сағаттап кезек күткен Атамбаевтың қызы өз әсерімен бөлісті

Головкин-Альварес жекпе-жегінен кейін басы дауға қалған төреші жұмысына оралды

Белгілі депутат жол ережесін бұзып, айыппұл төлемей кететін шетелдіктерге ашуланды

Назарбаев Қытайды төрт жыл басқарған Си Цзиньпинді таққа қайта отыруымен құттықтады

ОҚО-да "соғыс кезін" еске салатын жедел жәрдем бекеті жаңа орынға көшірілді (видео, фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1657329-oqo-da-soghys-kezin-eske-salatyn-zhedel.html