RU

Хитке айналған "Зың-зың" әнінің авторы туралы не білеміз?

Әп-сәтте күллі елді жаулап алған ән авторы Болат Нұрымов кеше түнде дүниеден озды. 1990 жылы дүниеге келген жас жігіттің достарының айтуынша, ол қатты сырқаттан қайтыс болған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ерекше айта кетерлігі, Болат Нұрымов студент кезінде өзгелерден ерекше талантымен көзге түскен. Студент шағында қойылым барысында сомдаған тағдыры қиынға толы азаматтың рөлін көрерменге паш еткен сәтінде көзіне ерік бермеген жан болмаған. Бір өкініштісі, аталған спектакльдегі кейіпкерінің өмірі мұның жеке тағдырында да қайталанған

"Студент күнінде бар ынта-жігерімен өзі сомдап шыққан тағдыр жазуын бейнелейтін Болаттың рөлі көрерменге ой салып, жүректерін тебірентпей, көзге жас алдырмай қоймаған... Арада санаулы ғана жылдар. Спектакльде сомдалған оқиғалар желісі өмірде де кезең-кезеңімен өтіп жатқаны қызық. Əуелі ата-анадан айырылу, отбасын құру, кенеттен өзі дүние салу....Ойламаған жерден, жеңіл болса да Шымкенттің бренд сөзіне айнала кеткен "Зың" сөзі де жарқ ете қап сөнер шырақтың ізін салса керек-ті.

Қалған ғұмырды ұрпағыңа берсін!" деп жазды желі парақшасында Оңтүстік Қазақстан облыстын мәдениет басқармасының қызметкері Мадина Айтбенбетова. Айта кетерлігі, марқұм жігіттің артында екі перзенті қалды.

Тағы оқыңыздар:

Қуандық Бишімбаевтың сотқа тартылатын күні белгілі болды

Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті

Қызғаншақ жігіт сүйіктісін алып қашып кеткен азаматты аяусыз өлтіріп тастады

Еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғып, қар жауады

Мұратхан Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті кімнің тапсырысымен өлтіргенін айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1657336-khitke-aynalghan-zynh-zynh-anininh-avtory-t.html