RU

«Зың-зың» әнінің авторы неден қайтыс болғаны белгілі болды

Аз уақыт ішінде Қазақстанда танылған «Зың-зың» әнінің авторы Болат Нұрымовтың өліміне қатысты жаңа деректер шықты. Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Жұмабайқызы Baq.kz агенттігіне берген сұхбатында Нұрымовтың қайда және неден қайтыс болғанын айтты.

Нұрымовтың жақын достарының сөзіне сүйенген оның айтуынша, белгілі әннің авторы соңғы уақытта өкпесі қабынып қатты ауырып, бір апта ауруханада жатып қайтыс болған. Сонымен қатар ол Нұрымовтың жаназасы бүгін Шымкентте сағат 13:00-де өз үйінен шығарылатынын айтты.

Болат Нұрымов 1989 жылы Өзбекстандағы Жизақ облысында дүниеге келген. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде режиссер мамандығы бойынша оқыған. Бұған дейін өзінің жеке студиясында жұмыс істеген және Шымкенттегі «Самал» шағын ауданында тұрып келген.

Үйленгеніне үш жылдай уақыт болған. Артында әйелі және екі баласы қалды. Кішкентайы небәрі бір жарым жаста.

Тағы оқыңыздар:

Еркенің хит болған "Қайда" әнінің авторы бар шындықты айтып берді фото)

Қызының тұрмысқа шығатынын естіген ер адам тікелей эфирде өз-өзін атып өлтірді

Хитке айналған "Зың-зың" әнінің авторы қайтыс болды (фото)

Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай босатылуы мүмкін

Айгүл Иманбаеваның екінші рет тұрмысқа шығатыны рас па?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1657408-zynh-zynh-anininh-avtory-neden-qaytys-b.html