RU

Қазақстанға өту үшін сағаттап кезек күткен Атамбаевтың қызы өз әсерімен бөлісті

Алмазбек Атамбаевтың кіші қызы Әлия Шагиева Қазақстанға өту үшін екі сағат кезекте тұрған деп хабарлайды kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әлия Шагиева өзінің салған суреттерін көрмеге апарып қою үшін Киевке аттанды. Көрме "Триптих" галереясында өтетін болады.

Осы мақсатта Әлия Киевке Алматы арқылы ұшуы керек болған. Алайда шекарада ұлының құжаттарымен проблема туындап, ол бірнеше сағатқа кешіккен. Дәл осы себептермен ол кішкентай ұлын күйеуі Константиннің әжесіне тастап кетуге мәжбүр болған.

Бұл туралы Шагиева өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

"Киевке сапарымды ешқашан ұмытпаймын. Таңертең сағат бесте ұшу керек екенімізді ойда-жоқта біліп, асығып-үсігіп дайындала бастадық. Біз әлі Қазақстан шекарасынан өтетін болғандықтан (Киевке Алматыдан ұшатын болдық), кешкі сағат 9-10-да жолға шықтық. Негізі таксимен барып, бақылаудан жаяу өтіп, қайтадан таксиге отыру керек екен.

Кішкентай баламен жүргендіктен, ақырындап жүйкеміз тоза бастады. Рейске кешігіп қалатынымызды ойлап, мүлдем не істерімізді білмей кеттік. Сабырлылығымен бізді қолдаған Костяға рахмет. Бақылаудан өткен кезде Таирдың (ред. - ұлы) паспортынсыз ешқайда ұша алмайтынымызды білдік. Осылайша біз ешқашан ойға кіріп шықпаған қадамға барып, Таирды Костяның әжесіне тастап кеттік", - деп жазған ол.

Тағы оқыңыздар:

Ксения Собчак президент болса әуелі Ленинді жерлемек

Елімізге танымал миллионердің қызы отандық әншіге ұл сыйлады (фото)

Үш ай бойы жалақысын ала алмаған алматылық жігіт өз қарнын тіліп тастады

"Әлем аруы" байқауында Қазақстанның намысын 18 жастағы бойжеткен қорғайды

Головкин-Альварес жекпе-жегінен кейін басы дауға қалған төреші жұмысына оралды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1657504-qazaqstangha-otu-ushin-saghattap-kezek-k.html