RU

Әкімнің тоқалы болғысы келетін бойжеткен көз жасын тоқтата алмады (видео)

"Ләйлә Сұлтанқызы, Мақпал Исабекова сынды "тоқал" болғым келеді" деп жылаған белгісіз бойжеткеннің видеосы желіні шулатты.

"Әкімнің тоқалы болғым келіп тұр. Әкім қайда? Мақпал Исабекова, Ләйлә Сұлтанқызы сияқты біреудің тоқалы болғым келеді. Олардан қай жерім кем менің? Мен де балқып- шалқып өмір сүргім келеді. Әншілер маған керек емес, әкім керек",- деп өкіріп жылады ол.

Аталған видеоны көрген желі қолданушылары бойжеткенді қатаң сынға алып, мұндай қыздарды жазалау қажет екенін жазды.

"Масқара, ұялмай ма?! Осындай қыздар біреудің отбасын ойрандайтын", "Тоқал болмай қалсын мұндай қыздар", "Жұрттың тоқалы боламын деп еңірегенше, жақсылап жұмыс істемейсің ба?", "Әкімдер қайда қарап жүр?!",- деп жазды желідегілер.

Ескерту! Аталған видеода бейәдеп сөздер айтылады.

Тағы оқыңыздар:

Ксения Собчак президент болса әуелі Ленинді жерлемек

Елімізге танымал миллионердің қызы отандық әншіге ұл сыйлады (фото)

Үш ай бойы жалақысын ала алмаған алматылық жігіт өз қарнын тіліп тастады

"Әлем аруы" байқауында Қазақстанның намысын 18 жастағы бойжеткен қорғайды

Головкин-Альварес жекпе-жегінен кейін басы дауға қалған төреші жұмысына оралды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1657511-layla-sultanqyzynan-qay-zherim-kem-aki.html