RU

Күйеуім қасыма жатпайды: Шымкенттік келіншек бір жыл бойы жарымен жақындаспағанын айтты (фото)

Шымкенттің 27 жастағы тұрғыны өзін мазалап жүрген жағдайдың басын ашты. Әсел есімді келіншек күйеуінің төсек қатынасынан суынып кеткенін айтып, оқырмандардан көмек сұрады деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.

Әсел мен күйеуінің шаңырақ көтергеніне бес жыл болған. Бүгінде екі бала тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптылар бір-бірін сүйіп қосылыпты. Алайда, бала босанған соң салмақ қосып алған Әселге соңғы кездері күйеуі суық қарап жүр екен.

"Сәбилі болған соң мен толып кеттім. Алғашында күйеуім тамақты аз жеуді ескертіп отыратын. Дәрігерлер ағзамда гормоналды өзгерістер бар екенін айтып, бастапқы қалпыма келу үшін көп күш керектігін түсіндім. Ол үшін ұзақ уақыт керек. Өкінішке қарай, күйеуім менің қазіргі түрімді жақсы көрмейді. Бір жылдан асты, маған төсекте мүлде жоламайды", - деп мұңын шақты Әсел.

Бүгінде келіншек күйеуі екеуінің ағалы-қарындас секілді араласатынын айтады. Бір жыл бойы жыныстық қатынасқа түспеген Әсел болса балалары үшін амалсыз шыдап жүр.

"Бірнеше рет күйеуіме өзім ұсыныс білдіріп, әрекеттенгенім рас. Бірақ, бұл әрекетім сәтсіз аяқталды. "Қойшы" деп бетімді қайтарып тастады. Қасыма жатпайды. Күйеуіммен бірге жатып, бірге тұрған күндерімді қатты сағынамын. Соңғы айларда түрлі еркектермен жақындасып жатқанымды түсімде көріп жүрмін. Жасым небары 27-де. Күйеуім жақындамай, ал менің ағзам жыныстық қатынасты қалап тұрады. Не істесем болады?", - деп Әсел оқырмандардан көмек сұрады.

Жас келіншек жыныстық қатынастың жоқтығынан түрлі ауруларға шалдығамын ба деп үрейленіп жүр. Дәрігерлер Әселге жыныстық қанағаттанбаушылық салдарынан әйелдің бойында бұғып жатқан сырқаттары қозып, жыныс мүшелерінің ісігіне дейін пайда болуы мүмкін екенін ескертті.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанға өту үшін сағаттап кезек күткен Атамбаевтың қызы өз әсерімен бөлісті

Головкин-Альварес жекпе-жегінен кейін басы дауға қалған төреші жұмысына оралды

Белгілі депутат жол ережесін бұзып, айыппұл төлемей кететін шетелдіктерге ашуланды

Назарбаев Қытайды төрт жыл басқарған Си Цзиньпинді таққа қайта отыруымен құттықтады

ОҚО-да "соғыс кезін" еске салатын жедел жәрдем бекеті жаңа орынға көшірілді (видео, фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1657538-kuyeuim-qasyma-zhatpaydy-shymkenttik-k.html