RU

Алтай Көлгінов әлдеқайда арзан тұратын неміс көлігін сатып алмақшы

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов журналистерге қандай қызметтік көлікпен жүретінін және алдағы уақытта қандай көлік сатып алатынын айтты деп xабарлайды Baq.kz.

«Қызметтік көлік туралы бұған дейін талқыладық. Мемлекет ақшасын үнемдеу мақсатында қызмет көлігін сатып алмадым. Біз оны жалдап отырмыз. Неміс машинасы Audi-ді жалдаймыз. Айына – 250 мың теңге. Жаңа машина 40-50 миллион тұрса, бұл әлдеқайда арзанға түседі. Қазақстандық машиналарға қарағанда да жалдау арзан. KIA-ға тапсырыс бердік. Жаңа жылдан бастап қазақстандық машинаға отырамыз», - деп мәлімдеді Алтай Көлгінов.

Облыс әкімі жаңа темір тұлпардың бағасын айтпады. Әр бес жыл сайын теxникаға, жол көлік апатына байланысты автокөлікті жаңартып тұру керегін атап өтті.

«Сапасы да, бағасы да көңілге қонарлық болса, қазақстандық автокөліктерді сатып алуға болады. Біздің автоөнеркәсіп дамып келеді, болашағы бар деп ойлаймын», - деп сөзін түйіндеді Алтай Көлгінов.

Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Астана қаласының әкімдігі 55 млн теңгеге көлік сатып алғанын мәлімдеген болатын.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанға өту үшін сағаттап кезек күткен Атамбаевтың қызы өз әсерімен бөлісті

Головкин-Альварес жекпе-жегінен кейін басы дауға қалған төреші жұмысына оралды

Белгілі депутат жол ережесін бұзып, айыппұл төлемей кететін шетелдіктерге ашуланды

Назарбаев Қытайды төрт жыл басқарған Си Цзиньпинді таққа қайта отыруымен құттықтады

ОҚО-да "соғыс кезін" еске салатын жедел жәрдем бекеті жаңа орынға көшірілді (видео, фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1657712-bqo-akimi-altay-kolginov-aldeqayda-ar.html