RU

Жаңа жылда жер сілкінісі болады деген ақпарат алматылықтардың үрейін ұшырды

Алматыда жаңа жыл қарсаңында жерасты дүмпулері болуы мүмкін. Мұндай мәліметті Сейсмология институтының  зертханасының меңгерушісі Әбдірахман Курскеев мәлімдеді деп жазады Sputnik Казахстан сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Жер қабатының белсенділігі жаңа жыл қарсаңында басталып, 10-15 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл уақытта болатын дүмпулер қатты болмайды. Осындай жер сілкіністеріның саны көп болған сайын, жойқын дүмпудің болу мүмкіндігі азая түседі. Бәрі осылай болады деген үміттемін. Жойқын жер сілкінісін тудыратын энергияны көріп тұрған жоқпын", - дейді ол.

Бұл тұста, сарапшы жуық арада 6,5-7 балдық жер сілкінісінің болмайтынын айтты. 

Дегенмен, ол Алматы қауіпті аймақта орналасқанын да естен шығармаған жөн дейді.

«Қала тұрғындарын жуық арада жер сілкінісі бола ма деген сұрақ мазалайды ғой. Иә, болады. Сейсмикалық үдерістердің белсенді фазасы басталды. Оны Қытай мен өзге аймақтарда болып жатқан жер сілкіністерінен көруге болады", - дейді сейсмолог.

Сарапшылардың айтуынша, десе де, қалада жойқын жер сілкіністері болмайды.

Курскеевтің ақпараты бойынша, қалада қатты жер сілкінісін көтере алмайтын ғимараттар жетіп артылады.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанға өту үшін сағаттап кезек күткен Атамбаевтың қызы өз әсерімен бөлісті

Головкин-Альварес жекпе-жегінен кейін басы дауға қалған төреші жұмысына оралды

Белгілі депутат жол ережесін бұзып, айыппұл төлемей кететін шетелдіктерге ашуланды

Назарбаев Қытайды төрт жыл басқарған Си Цзиньпинді таққа қайта отыруымен құттықтады

ОҚО-да "соғыс кезін" еске салатын жедел жәрдем бекеті жаңа орынға көшірілді (видео, фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1657759-zhanha-zhylda-zher-silkinisi-bolady-degen.html