RU

17 жасынан бастап ақша тауып үйренген Испанов жағымпаздарды бірден танитынын айтты

Жұмысқа кәмелет жасқа жетпей ерте араласып кеткен Ілияс Испанов адам танитынын жасырмады. Біріне бірі ұқсамайтын салаларда басшылық қызметтерде еңбек еткен ол айналасында қай адамның қандай оймен жүргенін де ажырата алатынын Aktobenews.kz тілшілеріне айтып берді.

«Мен әкім болғанға дейін түрлі қызметте болдым. Өте көп адаммен араластым. Сондықтан, қызметтен кеткен күні қасымдағы адамдар мені танымай қалып, теріс айналып, телефонға жауап бермей жатса, мен оған моральды түрде дайынмын», — дейді Ілияс Испанов.

Қала басшысы қасында жүрген қызметтестерінің барлығын жамандай алмайтынын алға тартты.

«Барлығы емес, әрине. Дегенмен, сатып кететіндер болады. Өз басым адамның мінез-құлқын бірден біле аламын. Кімнің қандай оймен араласатынын аңғарамын», — деді қала басшысы.

Тағы оқыңыздар:

Алтай Көлгінов әлдеқайда арзан тұратын неміс көлігін сатып алмақшы

Әшімбаев: Қырғызстан бас тартқан $100 миллион ел игілігіне жұмсалады

Үш ай бойы жалақысын ала алмаған алматылық жігіт өз қарнын тіліп тастады

Белгілі депутат жол ережесін бұзып, айыппұл төлемей кететін шетелдіктерге ашуланды

Назарбаев Қытайды төрт жыл басқарған Си Цзиньпинді таққа қайта отыруымен құттықтады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1657801-17-zhasynan-bastap-aqsha-tauyp-uyrengen.html