RU

Ішкі істер министрлігі Тоқмәдидің елді шулатқан мәлімдемесіне қатысты түсінік берді

Сотталған кәсіпкердің БАҚ-та жарияланған мәлімдемесіне қатысты тексеріс белгіленеді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаевтың айтуынша, белгілі кәсіпкердің БАҚ-та жарияланған мәлімдемесі бойынша тексеріс белгіленеді.

«24 қазанда БАҚ-та жарияланған Тоқмадидің мәлімдемесіне қатысты ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті басқа құқық қорғау органдарымен бірлесіп тиісті тексеріс жүргізеді», - деді Садубаев.

Ол бұған дейін Мұратхан Тоқмадидің аталған фактілерге қатысты мәлімдемемен ІІМ-ге жүгінбегенін атап өтті.

«Ержан Артықбаев 2010 жылы зейнетке шығуына байланысты ІІМ Тергеу комитеті Әскери-тергеу басқармасы бөлімінің басшысы қызметінен босатылды», - деді ІІМ өкілі.

Естеріңізге салып өтсек, қоқан-лоққы жасады деген айыппен сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмади 2004 жылы болған атышулы қастандыққа қатысты тың мәліметтерді жария етті. Оның айтуынша, ТұранӘлем банкінің басшысы Ержан Тәтішевті өлтіруге оның бұрынғы әріптесі Мұхтар Әбілязов тапсырыс берген.

Бұл мәліметтер КТК телеарнасында көрсетілген «Звали его Мурка» атты деректі фильмде айтылады. Онда қазір ауруханада жатқан Тоқмади бұдан бірнеше жыл бұрын ТұранӘлем банкінің басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті қалай атып өлтіргенін мойындайды. Ол кезде бұл қайғылы оқиғаға қатысты іс аң аулау кезінде мылтықтың байқамай басылып кетуі салдарынан болған жағдай ретінде сипатталған болатын.

Тоқмади қылмыстық қудалаудан құтылу үшін ІІМ Жедел тергеу тобының басшысы Ержан Артықбаевқа пара бергенін айтты.

Тағы оқыңыздар:

Алтай Көлгінов әлдеқайда арзан тұратын неміс көлігін сатып алмақшы

Әшімбаев: Қырғызстан бас тартқан $100 миллион ел игілігіне жұмсалады

Үш ай бойы жалақысын ала алмаған алматылық жігіт өз қарнын тіліп тастады

Белгілі депутат жол ережесін бұзып, айыппұл төлемей кететін шетелдіктерге ашуланды

Назарбаев Қытайды төрт жыл басқарған Си Цзиньпинді таққа қайта отыруымен құттықтады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1657884-ishki-ister-ministrligi-toqmadidinh-ma.html