RU

Сағынтаев шекарада бірнеше шақырымға созылған кезекке қатысты жауап берді

Қазақстан Үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысында қазақ-қырғыз және қазақ-ресей шекарасындағы ахуалға қатысты түсіндірме берді деп хабарлайды Baq.kz.

Қазақстан премьері шекарадағы жұмыстардың қырғыз тарапына бағытталмағанын айтты.

«Біз салық үлесі бойынша келетін зиян мөлшерін азайтып, контрабанда деңгейін төмендеткіміз келеді. Қазақстанның бұдан басқа көздеп отырған еш мақсаты жоқ. Бұл одақтағы басқа әріптестерімізге де қатысты», - деп мәлімдеді Сағынтаев.

«Біз Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы жол картасын әзірлеп жатырмыз (48 тармақтан тұрады – агенттік). 43 тармақ бойынша бір мәмілеге келіп отырмыз. Біздің қызметтер оларды одан әрі жүзеге асырумен айналысады», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ, премьер-министр жан басына шаққандағы халықтық тұтыну тауарларын (киім-кешек пен аяқ киім) әкелу ақылға қонымсыз жүргізілетінін атап өтті. Мәселен, Қазақстанға қарағанда Қырғызстанға киім-кешек 65 есе, ал Ресейге қарағанда 43 есе көп жеткізіледі.

Сағынтаев Қазақстан кедендік әкімшілеудің жеткіліксіз екенін 2016 жылы бірнеше рет көтергенін еске салды.

«Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы қызметтері арасында ҚХР-дан тауар тасымалдау кезінде күмәнді декларациялаудың жолын кесу мақсатында 2017 жылғы 5 маусымда бірлескен қимыл жөніндегі жоспарға қол қойылған болатын. Алайда қырғыз тарапының жоспарланған іс-шараларды орындамауының салдарынан тиісті әсер болған жоқ», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Қырғыз Премьер-министрі Сапар Исақов қырғыз тарапы жеке мәлімдеме жасайтынын атап өтті.

«Біздің де айтатын жайттарымыз бар. Бірнеше шақырымға созылған кезек тек Қырғызстан азаматтарының ғана емес, Қазақстанның да және үшінші елдер азаматтарының да наразылығын туғызуда», - деді ол.

Тағы оқыңыздар:

Дүйсенова әйелдердің 50 жасында зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі туралы түсіндірді

Ішкі істер министрлігі Тоқмәдидің елді шулатқан мәлімдемесіне қатысты түсінік берді

Шариғат талабына қарсы: Үндістанда мұсылман қыздарға селфи жасауға тыйым салған

Белгілі депутат жол ережесін бұзып, айыппұл төлемей кететін шетелдіктерге ашуланды

17 жасынан бастап ақша тауып үйренген Испанов жағымпаздарды бірден танитынын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1657970-saghyntaev-qazaq-qyrghyz-shekarasynda-b.html