RU

Танымал отандық әнші Астана төрінде дүркіретіп той өткізді (фото, видео)

25 қазан күні Астанада "Жаңа толқын-2017" байқауының қатысушысы, белгілі əнші Рүстем Жүгінісов шаңырақ көтерді. Бұл туралы NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

Елордадағы "Салтанат сарайында" өтіп жатқан үйлену тойына Маржан Арапбаева, Мөлдір Мұқанова, Қайрат Баекенов, Алтынай Жорабаева сынды елімізге белгілі əншілер келді. Əншінің анасы Айнұр Жүгінісованың айтуынша, тойға Жүгінісовтер отбасы "Жаңа толқын" байқауынан кейін дайындалған көрінеді.

"Бүгін алғашқы қуанышымыз, қатты толқып тұрмын. Келінімді бұрыннан танимын, өте сыпайы, тəрбиелі ару. Бұрыннан балам осындай қызды келін қылып түсірсе екен деп армандайтынмын. Құдай тілегімді қабыл қылған шығар, Аллаға шүкір бақыттымын", - деді Айнұр Жүгінісова.

Сондай-ақ, ол тойға екі бөлмелі пəтер құнындай қаражат кеткенін жасырмады.

"Негізі құпия сақтағым келіп тұр. Бірақ шамамен екі бөлмелі пəтердің қаражаты кетті деп айта аламын", - деп қысқа қайырды ол.

Тағы оқыңыздар:

Дүйсенова әйелдердің 50 жасында зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі туралы түсіндірді

Ішкі істер министрлігі Тоқмәдидің елді шулатқан мәлімдемесіне қатысты түсінік берді

Шариғат талабына қарсы: Үндістанда мұсылман қыздарға селфи жасауға тыйым салған

Белгілі депутат жол ережесін бұзып, айыппұл төлемей кететін шетелдіктерге ашуланды

17 жасынан бастап ақша тауып үйренген Испанов жағымпаздарды бірден танитынын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1658019-tanymal-otandyq-anshi-astana-torinde-d.html