RU

Алматылық отбасы кішкентай ұлының отасына ақша таппай жанұшырып жүр (фото)

2012 жылы туылған Рақымбек Азаматәлі Медетұлына шұғыл түрде ота жасату үшін қыруар қаражат керек. Ата-анасы ұлының отасына ақша таппай жанұшырып жүр деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Азматтың ауыр дертке шалдыққанын және Жапонияда қымбат ота жасатуы керектігін айтқан жақындары қайырымды жандардың көмек сұрап отыр. Олар бұл жайтқа бей-жай қарамайтын ел азаматтарын балақайды аяқтан тұрғызып, құтқарып қалуға шақыруда.

"Барлық қолы ашық, мейірімді жандардан біздің сүйікті ініміз Азаматқа көмек көрсетулеріңізді сұраймын. Оған ауыр дертіне байланысты жедел түрде Жапонияда ота жасату керек. Біз бұл жайттың шешімін табуға тырысқанымызбен, жинаған қаражатымыз жетпей жатыр.

Кішкентай Азаматқа көмектесулеріңізді өтінеміз. Ата-анасының байланыс нөмірлері: Анасы - Өтемұратова Салтанат, тел.87750236541, папасы - Рақымбеков Медет, тел.87771626980. Көмек көрсеткенге реквизиттер: Утемуратова Салтанат Туркпенбаевна (ИИН 811104400886), карточка шоты: KZ249480020A02287979 , АО "Евразийский Банк" (Банктің БИК-і EURIKZKA, Банктің БИН-і 950240000112)", - деп жазған Азаматтың жақындары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1658053-almatylyq-otbasy-kishkentay-ulynynh-ot.html