RU

Адам басына 25 мың: Астаналық мейрамханалар жаңа жылға дайындықты бастап кеткен (фото)

 

Жаңа жыл мерекесіне екі айдан астам уақыт қалса да, астаналық мейрамханалар жаңа жыл кештеріне дайындық жұмыстарын қазірден бастап қолға алған. Олар мәзірден бөлек түрлі мерекелік шоу-бағдарламаларды да дайындап жатқан көрінеді. Бұл туралы NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

Мейрамхана өкілдерінің айтуынша, мерекелік мәзір даяр болса, мейрамхананың тапсырыс алу күні де жақындай бермек.

«Бізде «Zoloto» мейрамханасында жаңа жылдық корпоративтерге арналған арнайы бағдарлама бар. Оған жанды дауыста ән айтатын топтар, диджей, түрлі байқаулар мен кеш жүргізушісі, Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Бұған қоса, арнайы әзірленетін арт-бағдарламамыз да бар. Жалпы, біз мерекелік корпоративтерді барынша көңілді әрі естен кетпестей қызықты етіп өткізуге тырысамыз. Ал, бағасына келер болсақ, әр түрлі, шамамен адам басына 25 мыңнан болатын шығар», - дейді «Zoloto» мейрамханаcының өкілі Екатерина Михель.

Ал, «Бал Қарағай» демалыс аймағында орналасқан «AURA Verdant Restaurant» мейрамханасында мерекелік кешке әзірленген арнайы шоу-бағдарлама да бар екен. Онда келер жылдың символы (авт. 2018 жыл - ит жылы) саналатын – иттердің биі, кеш қонақтарымен бірге ұйымдастырылатын – флэшмоб, тіпті, скрипкамен билейтін арнайы нөмір де бар көрінеді.

Ал, жаңа жылдық мәзірде шах-палау, арнайы гарнирмен пісірілген қаз еті, бешбармақ сынды тағамдар бар. Мейрамханадағы жаңа жылдық кештегі бір адамға шаққандағы орташа есеп – 18 мың тегені құрайды.

Сол сияқты, «Corner’57» мейрамханасы әкімшісімен тілдескенімізде, «мерекелік мәзірдің әзірленіп жатқандығын, шамамен бір адамға 15 мың теңге шығатынын» жеткізді.

Тағы оқыңыздар:

Енді жүргізшулер «Ш» белгісін жапсырып жүруге міндетті емес

Мәжіліске шикі заң жобасын әкелген министрдің басы дауға қалды

ОҚО әкімі Түймебаевтың жерлестері бензин таппай, әбден әбігерге түсті

Қай елде мұсылман қыздарға селфи жасап, желіге жүктеуге тыйым салынған?

Алматылық отбасы кішкентай ұлының отасына ақша таппай жанұшырып жүр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1658094-adam-basyna-25-mynh-tenhge-astanalyq-meyr.html