RU

Ат үстінде отырып Ашхабадты аралаған Түркіменстан президенті тағы да күлкіге қалды (видео)

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ат үстінде отырып Ашхабадтағы құрылыс нысандарын аралап көрді. Аталмыш бейнежазбаны «Түркіменстан хроникасы» порталы жариялаған. Бұл туралы "Лента" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Желіні шарлап кеткен видеода мемлекет басшысы Ашхабадтың заманауи және беделді аудандарын ат үстінде отырып аралап жүр.

Спорттық киім киіп алған Бердімұхамедов қолына өз бағыныштыларына бұйрық беретін және тұлпарын басқарып отыратын шыбық ұстап алған.

Роликте костюм-шалбар киген екі қызметкер ғана байқалады. Олар президенттің айтқан сөзін мақұлдап, қойын дәптерлеріне оның тапсырмаларын жазып алып келеді.

Басқа адамдар кадрда көрінбейді. Соған қарағанда, Бердімұхамедов ешкім тұрмайтын қаланы аралап жүрген секілді.

Тағы оқыңыздар:

Енді жүргізшулер «Ш» белгісін жапсырып жүруге міндетті емес

Мәжіліске шикі заң жобасын әкелген министрдің басы дауға қалды

ОҚО әкімі Түймебаевтың жерлестері бензин таппай, әбден әбігерге түсті

Қай елде мұсылман қыздарға селфи жасап, желіге жүктеуге тыйым салынған?

Алматылық отбасы кішкентай ұлының отасына ақша таппай жанұшырып жүр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1658137-ustinde-otyryp-ashkhabadty-aralaghan.html