RU

Үйінен қуылған Назарбаевтың "егізі" өзін-өзі өртеуге дайын екенін айтты (фото)

Елбасы Назарбаевтың "егізі" атанып кеткен азамат Бауыржан Тоқпанов кәмелетке толмаған балаларымен бірге далада қалуы мүмкін деп хабарлайды New Times.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

57 жастағы Бауыржан Тоқпанов 1996 жылдан бері Астанада тұрып келеді. Енді 14 жыл өткен соң ол өзіне тиесілі пәтерден айырылып, далада қалуы мүмкін. Бұған себеп, оның 2003 жылы «Акмоласвязьстрой»  акционерлік қоғамынан үлескер ретінде 25 мың долларға сатып алған пәтеріне қатысты туындаған дау. 2011 жылы шу шығып, аталған компанияның бұрынғы басшылары арасында кикілжіңдер орын алған. Мұның салдары Бауыржан мен оның отбасы үшін өте ауыр тиеді.

"Мені көргендердің барлығы президентпен ұқсастығымды байқап, көшеде суретке түсіп жатады. Мен үнемі елдің назарында жүремін. Алайда дәл осы жағдайға келгенде, менің үніме ешкім құлақ асар емес", - деп қынжылды ол.

«Өзімнің жалғыз баспанамды сатып, 2003 жылы 25 мың долларға аталған компаниядан үй сатып алдық. Ақшасын төлеп, құжаттарды рәсімдеп, жаңа үйге көштік. Бұл біздің жалғыз пәтеріміз. Енді 14 жыл өткен соң оны да тартып алып жатыр. 2003 жылы жасалған келісімшарт жарамсыз деп танылды", - дейді отағасы.

Оның айтуынша, "Ақмоласвязьстрой" компаниясының ескі және басшылығының арасында кикілжіңдер туындап, нәтижесінде бұрынғы бас директорға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Бауыржанның айтуынша, ол келісімшартты дәл сол кісімен жасаған.

Бұрынғы бас директордың алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болған Бауыржан пәтерден қуылып жатыр.

«Биыл 2012 жылы ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін істі болған сауықтыруды басқарушы пәтерді алу туралы талап-арыз жазды. Сот біздің пәтерімізге қатысты жасалған келісімшарттардың барлығын жарамсыз деп таныды. Судьялар заңды белшесінен басып отырса, бұл заңдардың не керегі бар? Азаматтық кодекс бойынша, АҚ заңды тұлға ретінде қарамағындағы атқарушы орган мен лауазымды тұлғаның іс-әрекеттеріне өзі жауап беруі тиіс. Бас директор оларға мүліктік залал келтірсе, онда олар бұл жайтқа бізді араластырмай шешуі керек еді. Біз заңға қайшы әрекет жасаған жоқпыз. Бас директорлар бір-бірін тонайды екен де, ортасында мен кінәлі болады екенмін", - деп наразылығын білдірді Бауыржан.

19 тамыз күні Тоқпановтар отбасын үйден шығару туралы сот шешімі шыққан.

«57 жасқа келгенде бомж болдым. Күні кеше ғана сот орындаушысы келді. Бізді үйден шығару үшін. Компания адвокаты да солармен бірге келіпті. Оның бұған қандай қатысы бар? Біз оларға есікті ашпадық. Жарықты сөндірдік те, отырдық. Олар нені көздеп отыр? Алты адамнан тұратын отбасы дала кезіп кетсін дей ме?", - дейді елбасының "егізі".

«Мен қайда жүгінерімді білмеймін. Әйеліме "үйден кетіп қал, ал мен газды ашып жіберемін" дедім. Бірақ көршілер бар ғой, олардың не кінәсі бар деп ойладым. Алаңға шығып өзімді өзім өртеуге де бармын. Менің жоғалтатын ешнәрсем қалмады. Өлуден де аянбаймын", - дейді күйінген отағасы.

Тағы оқыңыздар:

Алматылық отбасы кішкентай ұлының отасына ақша таппай жанұшырып жүр 

Атышулы Тоқмәди банкир Тәтішевтің өліміне қатысты соттың алдында жауап бермек

Шымкентте өртеніп жатқан үйден шыға алмай қалған бес жасар бала көз жұмды (фото)

Адам басына 25 мың теңге: Астаналық мейрамханалар жаңа жылға дайындықты бастап кеткен 

Ат үстінде отырып Ашхабадты аралаған Түркменстан президенті тағы да күлкіге қалды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1658163-uyinen-quylghan-nazarbaevtynh-egizi-oz.html