RU

Қазақ жігіті төсекте бірінші қадам жасамайтын келіншегіне ренжіп, жанайқайын жеткізді

Әйелінің назарына әбден зәру болған жігіт өзінің проблемасын NUR.KZ порталы арқылы шешуді жөн көріпті. Ол редакцияның +7 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне хат қалдырып, өзін мазалап жүрген отбасылық мәселесін айтып берді.

"Қайырлы күн NUR.KZ порталының редакциясы. Мен өзімнің басымнан өткен жайтпен бөліскім келеді. Үйленгеніме 5 жыл болды, балаларымыз бар. Келіншегім жақсы ана, үй шаруасын да дөңгелетіп әкетеді. Жұмысында да табысты әйел. Бірақ жақында мен оның жұмысы мен үй шаруасына басымен кетіп, маған назар аудармайтынын байқадым. Ол 30 жаста, көріктілігі өз алдына.

Бір-бірімізді сүйеміз. Сыйлаймыз. Жанымызды жақсы түсінетін достармыз. Бірақ күн өте келе, оның менен алыстап бара жатқанын сеземін. Мен оған барлық жағынан көмек беремін.

Алайда төсекте ол белсенділік танытпайды. Сондықтан мен де оған аса бір жақындасуға құштар болмайтын болдым. Түнде ол жанымда жатса да, өзімді жалғыз сезінемін. Біртүрлі болса да айтайын: ер адамдар жұмыс істеп келіп, кешке әйелінің бірінші қадам жасағанын күтеді. Оның бағыныштылығы мен махаббатын сезінгісі келеді. Ал мұндай ілтипатты сезінбеген соң, жақында өзімнің басқа әйелдерге қарай бастағанымды байқадым.

Олардың мүсініне, түріне қарауды шығардым. Тіпті бұған дейін  өзге әйелдер өздері ұсыныс жасаса да, әйелімнің көзіне шөп салудан қашатын едім. Ал қазір менің әйелім мен үшін мүлдем жоқ сияқты, онымен жақындасуға өзім бірінші қадам жасағым келмейді. Сондықтан әйелдер қауымына  күйеуіне назар аударып, төсекте бірінші қадам жасап жүруге кеңес беремін. Себебі, бірізділік өмір адамды жалықтырып жібереді. Көзге шөп салу осындайдан басталатын сияқты", - деп ақыл-кеңесін айтты ол.

Оның айтуынша, ол порталды үзбей оқитын әйелінің назарын осылай аударғысы келеді. Отбасының адал болуын қалайтын азамат әйелін ақылға салуды жөн көрген.

Тағы оқыңыздар:

Алматылық отбасы кішкентай ұлының отасына ақша таппай жанұшырып жүр 

Атышулы Тоқмәди банкир Тәтішевтің өліміне қатысты соттың алдында жауап бермек

Шымкентте өртеніп жатқан үйден шыға алмай қалған бес жасар бала көз жұмды (фото)

Адам басына 25 мың теңге: Астаналық мейрамханалар жаңа жылға дайындықты бастап кеткен 

Ат үстінде отырып Ашхабадты аралаған Түркменстан президенті тағы да күлкіге қалды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1658231-qazaq-zhigiti-tosekte-birinshi-qadam-zha.html