RU

Бұрынғы ресейлік офицер кредиттен құтылу үшін "Ислам мемлекеті" сапына өткен

Бұрынғы ресейлік офицер Денис Хисамов коллекторлардың әлегінен құтылу үшін "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына кірген. Бұл туралы "Коммерсантъ" Хисамов жақындарына сілтеме жасап хабарлады.

Бұның алдында Тәжікстан ішкі істер министрлігі Хисамовтың Түркиядан Душанбеге экстрадицияланғанын хабарлаған еді.

"Коммерсантъ" жариялаған мәліметке қарағанда, 2014 жылдың аяғында Хисамов банктердің бірінен жол талғамайтын BMW сатып алу үшін несие алған. Ресей Қорғаныс министрлігінің капитаны белгісіз бір себептермен ол несиені төлемепті. Банк коллерторларға жүгінген, олар Хисамовқа қысым көрсеткен.

Сол кезде ол автомобильді сатып, ол ақшаға Тәжікстанның жалған төлқұжатын жасатқан. Сол арқылы Түркияға кетіп, ИМ құрамына кірген, Ирак пен Сириядағы әскери қимылдарға қатысқан.

Хисамовтың жақындарының бірі бұл ұйымға ол идеологиялық сеніммен кіруі мүмкін екендігін айтты. Басылым дереккөзінің айтуына қарағанда, соңғы жылдары Хисамов дінмен қатты әуестенген.

Денис Хисамов – Краснодар тумасы, жоғарғы білімі бар, техника ғылымдарының кандидаты. 2004-2009 жылдары Ресейдің қорғаныс министрлігінде істеген. Ол биыл сәуірде Түркияда ұсталды.

Ресей билігі Хисамовтың ұсталғаны туралы әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Алматылық отбасы кішкентай ұлының отасына ақша таппай жанұшырып жүр 

Атышулы Тоқмәди банкир Тәтішевтің өліміне қатысты соттың алдында жауап бермек

Шымкентте өртеніп жатқан үйден шыға алмай қалған бес жасар бала көз жұмды (фото)

Адам басына 25 мың теңге: Астаналық мейрамханалар жаңа жылға дайындықты бастап кеткен 

Ат үстінде отырып Ашхабадты аралаған Түркменстан президенті тағы да күлкіге қалды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1658237-burynghy-reseylik-oficer-kreditten-qu.html