RU

20 мың долларын сарп еткен қырғыз қызы "Әлем Аруы" байқауына өтпей қалды

"Қырғызстан Аруы - 2017" титулының иегері Бегімай Қарыбекова халықаралық "Әлем Аруы" байқауына визаның кешігуі салдарынан қатыса алмады. Жас модель аталған конкурс үшін 20 мың долларын сарп еткен деп хабарлайды ru.sputnik.kg сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Қазанның 20 күні Қарыбекова сайыстың басталып жатқанын, бірақ қытай тарабы "виза беру" жағын ұзаққа созып жатқанын жазған. Конкурс үшін ол 20 мың долларын жұмсапты.

"Маған әрдайым қолдау білдіріп, менімен бірге болғандарға алғыс айтамын! Қырғызстан президент аппараты мен үкіметіне, Вице-премьер-министр Чолпан Сұлтанбековаға көрсеткен көмектері үшін алғыс білдіремін! Сондай-ақ, еліміздің төртінші билігі - БАҚ өкілдеріне", - деп жазды ол жазбасында.

Қарыбекова сайысқа өте алмағаны үшін көңілі түскенін, бірақ бұл оны "одан арман күшейтетінін" атап өтті.

Бүкіләлемдік конкурс Қытайдың Санья қаласында қарашаның 19-20 аралығында өтеді. Бас титул үшін 156 елдің өкілі бақ сынауда.

Тағы оқыңыздар:

Алматылық отбасы кішкентай ұлының отасына ақша таппай жанұшырып жүр 

Атышулы Тоқмәди банкир Тәтішевтің өліміне қатысты соттың алдында жауап бермек

Шымкентте өртеніп жатқан үйден шыға алмай қалған бес жасар бала көз жұмды (фото)

Адам басына 25 мың теңге: Астаналық мейрамханалар жаңа жылға дайындықты бастап кеткен 

Ат үстінде отырып Ашхабадты аралаған Түркменстан президенті тағы да күлкіге қалды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1658332-20-mynh-dollaryn-sarp-etken-qyrghyz-qyzy.html