RU

Бағдат Мусин: Мен ХҚКО қызметкерлерін базаға кіру мүмкіндігінен айыратын едім

Прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша комитетінде басшылық ететін Бағдат Мусин жеке мәліметі өзгенің қолына кеткен алматылық тұрғын Анна Дмитиевичтің жағдайына қатысты пікір білдірді.

"Anna Dimitrievich-тің шағымына дейін Қазақстанның мақтанышы болып келген ХҚКО-ға тіл тигізбейік. ХҚКО-ға бей-жай қарай алмаймын. Аннаның жазбасына менің назарымды аударғысы келгендер менен пікір күтіп отырған болуы керек. ХҚКО қызметкерлерінің базаға кіру мүмкіндігі барына қатысты менің пікірім келесідегідей", - деп ойын ортаға салды Мусин.

Ол пікірін Facebook парақшасында жазған.

"ХҚКО-ны "еговпен" біріктіру идеясын қолдаған авторлардың бірі ретінде болған жайтқа қатысты мәселені талқыға алып, өз ұсынысымды ортаға саламын. Біздің жеке мәліметтеріміз үстімізден несие алып жіберуі мүмкін үшінші тұлғаның қолына түсіп жатқаны ешкімге ұнамайтынын түсінемін.

Тіпті мүлкіңізді өзгенің атына аударып та жіберуі немесе бөгде адамды тіркеуге алуы мүмкін. Мұның бәрі болжам ғана, себебі бұл жайтта банк өкілі, ХҚКО өкілі, нотариус секілді бірнеше тұлға бірігіп қылмыс жасауы тиіс... Дегенмен алаңдауға негіз бар", - деп жалғастырды ол.

Бағдат Мусин мәселенің шешімін ұсынды.

"Біріншіден, мен ХҚКО қызметкерлерін базаға кіру мүмкіндігінен айыру керек деп санаймын. Қазір адамдар орталық қызметкерінсіз қажет анықтама ала алайтындай сауатты деңгейге жеткен. Әр тұлға тек өзі ғана электронды кілт арқылы немесе ұялы телефонына келген құпиясөз арқылы жеке мәліметтерді ала алатын болсын",  - дейді Мусин.

Мусин орталыққа тіл тигізудің орнына жұмысты жақсартуға атсалысу керек деп санайтынын алға тартты.

"ХҚКО-лар тірі ағза секілді. Олардың жақсаруы үшін үнемі жұмыс істеп, әрекет ету керек. Қазіргі басшылық жағдайды тез түзетеді деген пікірдемін", - дейді прокуратура өкілі.

Еске салсақ, алматылық Анна Димитриевич өзі туралы ақпаратты өзге біреу ХҚКО арқылы ала алғанын Facebook парақшасында жазып, дабыл қаққан болатын. Орталық қызметкерлері Аннаға мәселені у-шусыз шешуді ұсынған.

Тағы оқыңыздар: 

Қазақ футболшылары Мессимен бірге доп тебу үшін қанша ақша құртады?

Асхат Садырбай: Мен - еріккеннен ажырасып, қайта үйленіп жүрген әйелқұмар адам емеспін

Қайрат Түнтеков Америкаға уақытша қоныс аударуы мүмкін

Жезқазғанда кәсіпкер әйелді скотчпен матап, азаптап өлтірген

Ішіне жын кірген адамдарды емдейтін ақтөбелік бұрынғы имам әруаққа сенетінін ашып айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1658354-baghdat-musin-men-khqko-qyzmetkerlerin.html