RU

Жезқазғанда кәсіпкер әйелді скотчпен матап, азаптап өлтірген

Сәтпаев қаласының тұрғындары жезқазғандық кәсіпкер әйелді азаптап өлтіргені үшін сотталды деп хабарлайды NUR.KZ. 

Бұл жантүршігерлік өлім туралы іс Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында қаралған.

Іс материалдарына сәйкес, кісі өлтіру дерегі биылғы жылдың 10 маусымында Жезқазған қаласыныда орын алған. Бастапқыда қылмыскерлер оны тонамақ болған екен. Олар арнайы дайындалып, скотч, қолғап және ұялы телефон сатып алған.

"10 маусым күні күдіктілер марқұмның нөміріне хабарласып, оның пәтерін жалға алмақ болған. Осылайша олар сағат кешкі сегізде кездеспек болған. Қылмыскердің бірі жалға алушы есебінде пәтерге кіріп, пәтер қожайынына шабуыл жасаған. Ол оны желкесінен ұрып, әйел ес-түзсіз құлайды. 

Осылайша ол әйелді матап, аузын скотчпен жапсырып тастайды. Қылмыскерлер әйелдің сөмкесін ақтарып, одан ақша мен ұялы телефонын алады. Олжаға қанағаттанбаған олар оның пәтерінің қілтін алып, бірі далаға шығып кеткен.

"Пәтерде қалған қылмыскер әйелді өзінің түрін көріп қойғандықтан, өлтірмек болады. Ол оның бет-аузын скотчпен матап, үстінен пакет кигізген. Зардап шеккен әйел тұншығып қайтыс болған", - делінген іс материалдарында.

Ол мәйітті пәтерде қалдырып, сыртынан құлыптап кеткен. Артынша екі қылмыскер зардап шеккен әйелдің үйіне барып, оны тонап кетеді.

Ұрланған 1 млн теңгені теңдей бөліп алған қылмыскерлерді полицейлер ұстаған кезде бірауыздан кінәсін мойындаған.

Судья олардың бірін 17, екіншісі 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза кесті.

Тағы оқыңыздар:

Тілі үш келіге дейін өскен аюдың күн көрісі қиындап кетті (фото)

20 мың долларын сарп еткен қырғыз қызы "Әлем Аруы" байқауына өтпей қалды

Тәнін жаман рухтардан тазартпақ болған ер адам өзін тірідей пісіріп тастады (видео)

Ішіне жын кірген адамдарды емдейтін ақтөбелік имам әруақтарға сенетінін ашып айтты

Бұрынғы ресейлік офицер кредиттен құтылу үшін "Ислам мемлекеті" сапына өтіп кеткен

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1658386-zhezqazghanda-kasipker-ayeldi-skotchpe.html