RU

Қыс келді: Еліміздің кей аймақтарында жел күшейіп, бұрқасын, көктайғақ болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында бүгін ауа райы жауын-шашынды болады, сонымен қатар солтүстігі мен батысында қар жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.

Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, болып, тұман түседі, желдің күші – 15-20, екпіні 25 м/с жетуі мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20 м/с.

Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, күндіз жел күшейеді – 15-20 м/с. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде жаяу бұрқасын болады, тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, түнде жел күшейеді –15-20 м/с, таңертең тұман түседі. Павлодар облысында түнде жаяу бұрқасын соғып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі деп болжанып отыр.

Тағы оқыңыздар:

Тілі үш келіге дейін өскен аюдың күн көрісі қиындап кетті (фото)

20 мың долларын сарп еткен қырғыз қызы "Әлем Аруы" байқауына өтпей қалды

Тәнін жаман рухтардан тазартпақ болған ер адам өзін тірідей пісіріп тастады (видео)

Ішіне жын кірген адамдарды емдейтін ақтөбелік имам әруақтарға сенетінін ашып айтты

Бұрынғы ресейлік офицер кредиттен құтылу үшін "Ислам мемлекеті" сапына өтіп кеткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1658475-qys-keldi-elimizdinh-key-bolikterinde.html