RU

Мақпал Исабекова: Батырдың басын айналдырып, тиіп аламын ғой деймін

Мақпал Исабекова 33 жасқа келіп, әлі күнге дейін тұрмыс құрмағаны үшін алаңдайтын тыңдармандары мен туыстарының көп екенін айтты. Гәкку арнасындағы бағдарламалардың біріне келген әнші көрермендерге "Ринго" тобындағы "Батырдың басын айналдырып алайын ба?" деп әзілдеді.

"Менің жасым 33-ке келсе де, әлі тұрмыс құрмағаным үшін алаңдап, уайымдайтындарды көргенде өзім де қосылып кетемін. Жалпы орта есеппен 60-70 жасқа дейін өмір сүретін болсам, жарты өмірім өтті кетті. Қай уақытта бала табамын, бәрі қорқынышты. Не істесем екен? Батырға тиіп аламын ғой деймін, басын айналдырып",- деді әнші.

Еске салсақ, бұған дейін БАҚ беттерінде Мақпал Исабекова мен Батыр Байназаровтың кездесіп жүргені туралы ақпарат тараған болатын. Тіпті олардың бірге жүрген суреттері де желіде пайда болған.

Тағы оқыңыздар: 

Қазақ футболшылары Мессимен бірге доп тебу үшін қанша ақша құртады?

Асхат Садырбай: Мен - еріккеннен ажырасып, қайта үйленіп жүрген әйелқұмар адам емеспін

Қайрат Түнтеков Америкаға уақытша қоныс аударуы мүмкін

Жезқазғанда кәсіпкер әйелді скотчпен матап, азаптап өлтірген

Ішіне жын кірген адамдарды емдейтін ақтөбелік бұрынғы имам әруаққа сенетінін ашып айтты

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1658714-maqpal-isabekova-batyrdynh-basyn-ayna.html