RU

"Зың-зың" әнін шығарған шымкенттік жігіт қауіпті дерттен көз жұмды

ОҚО облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Болатхан Сағымбаев танымал "Зың-зың" хитінің авторы Болат Нұрымовтың туберкулезден қайтыс болған айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Дәрігердің айтуынша, Нұрымов әу баста Алматы дәрігерлеріне қаралып жүрген. Оған туберкулез жұқтырған болуы мүмкін деген қауіпті диагноз қойылыпты.

Ал қазанның 23-інде композитор қалалық көпсалалы ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Дәрігерлер марқұмның анализдерін тексеріп, туберкулезге шалдыққанын анықтаған.

Алайда туберкулездің ауыр түрімен ауырған Болатты бір күннің ішінде аман алып қалу мүлдем мүмкін болмаған. Оның дене қызуы қырыққа дейін көтеріліп, 20 келі салмақ жоғалтқан.

Болатхан Сағымбаевтың айтуынша, хит әннің авторы шілде-қыркүйек аралығында Шымкент пен Ташкенттегі және еліміздегі жеке клиникаларға қаралып жүрген.

Алайда оның туберкулезге шалдыққаны жайлы тек ауруханаға түскен күні белгілі болып отыр. Егер оған диагноз бірден қойылғанда, оны аман алып қалуға болатын еді дейді.

Еске сала кетейік, әп-сәтте күллі елді жаулап алған "Зың-зың" әнінің авторы Болат Нұрымов 25 қазанда дүниеден озды. 1990 жылы дүниеге келген жас жігіттің артында әйелі мен екі баласы қалды.

Тағы оқыңыздар: 

Қазақ футболшылары Мессимен бірге доп тебу үшін қанша ақша құртады?

Асхат Садырбай: Мен - еріккеннен ажырасып, қайта үйленіп жүрген әйелқұмар адам емеспін

Қайрат Түнтеков Америкаға уақытша қоныс аударуы мүмкін

Жезқазғанда кәсіпкер әйелді скотчпен матап, азаптап өлтірген

Ішіне жын кірген адамдарды емдейтін ақтөбелік бұрынғы имам әруаққа сенетінін ашып айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1658798-zynh-zynh-anin-shygharghan-shymkenttik-zhigi.html