RU

ЦОН-дағы шуға байланысты басқарма төрағасы кешірім сұрап, мәлімдеме жасады

Халыққа қызмет көрсету орталығындағы шуға байланысты басқарма төрағасы кешірім сұрап мәлімдеме жасады деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

«Достар, расымен де әлеуметтік желідегі шулы жазбаның авторы жайлы мәліметтерді (тұрғылықты мекен-жай және жылжымайтын мүлік туралы анықтаманы) Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері бөтен біреуге заңсыз бергені орын алды. Дәлірек айтсам ХҚКО мамандарының ешқандай сенімхатсыз консалтинг компаниясына құжат беруі үлкен заң бұзушылық. Осы қателікті жіберген қызметкер жұмысынан шығарылатын болады.

"Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" атынан Анна Димитриевичтен кешірім сұрай отырып, осындай заң бұзушылықты әшкерелегені үшін алғыс айтамыз. Қазір біз әріптестерімізбен ақылдасып, жеке тұлғаның құжатына бөтен біреудің қол сұқпауы үшін бақылауды күшейтуді ойластырып жатырмыз», - деп жазды Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов facebook  парақшасына.

Естеріңізге сала кетсек, алматылық тұрғын Анна Димитриевич өзінің жеке басына қатысты мәліметті заңсыз жолмен өзгелерге таратқан Алмалы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерін әшкерелеген еді. Аталған жайт әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қоғамдық пікірталас тудыруда.

Тағы оқыңыздар:

Тілі үш келіге дейін өскен аюдың күн көрісі қиындап кетті (фото)

20 мың долларын сарп еткен қырғыз қызы "Әлем Аруы" байқауына өтпей қалды

Тәнін жаман рухтардан тазартпақ болған ер адам өзін тірідей пісіріп тастады (видео)

Ішіне жын кірген адамдарды емдейтін ақтөбелік имам әруақтарға сенетінін ашып айтты

Бұрынғы ресейлік офицер кредиттен құтылу үшін "Ислам мемлекеті" сапына өтіп кеткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1658802-khqko-taghy-shugha-baylanysty-basqarma.html