RU

Дубайда ер адамның санына қол жүгірткен азамат түрмеден бір-ақ шықты

Дубайда саяхаттап жүрген 27 жастағы жігіт абайсызда ер адамның санына қол жүгірткені үшін түрмеден бір-ақ шықты. Бұл туралы NUR.KZ порталы belaruspartisan.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Джейми Харрон бұл әрекеті үшін үш айын темір торда өткізуге мәжбүр болған. Белгілі болғандай, Харрон барда ішімдік ішкеннен кейін, аяғы тайып, қасындағы ер адамның санына қолы тиіп кеткен.

Зардап шегуші азамат арабиялық бизнесмен болып шықты. Ол бірден Харронның үстінен полицияға шағым береді. Алайда жігіттің жаман ниеті болмағанын түсінгеннен кейін ол арызын қайтарып алған.

Өкінішке қарай, елдің соты арызданушының шағымын кері қайтарғанына қарамастан, Харронды кінәлі деп табады. Нәтижесінде Дубайға тек екі күнге келген азамат түрмедегі үш ай ішінде жұмысынан айырылып, сот шығындарына 50 мың долларын сарп еткен.

Харрон елге келгесін Дубай соты мен негізсіз шағым түсірген арабиялық азаматтың үстінен өз елінде сотқа шағым түсірмек.

Тағы оқыңыздар:

Тілі үш келіге дейін өскен аюдың күн көрісі қиындап кетті (фото)

20 мың долларын сарп еткен қырғыз қызы "Әлем Аруы" байқауына өтпей қалды

Тәнін жаман рухтардан тазартпақ болған ер адам өзін тірідей пісіріп тастады (видео)

Ішіне жын кірген адамдарды емдейтін ақтөбелік имам әруақтарға сенетінін ашып айтты

Бұрынғы ресейлік офицер кредиттен құтылу үшін "Ислам мемлекеті" сапына өтіп кеткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1658846-dubayda-er-adamnynh-sanyna-qol-zhugirtk.html