RU

Амангелді Айталы жүрегі Қазақстанда, капиталы шетелде жүргендер туралы ашына айтты

Ақтөбеде өткен Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған конференцияда Амангелді Айталы өз ойларымен бөлісті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Бүгінгі біздің жүрегім Қазақстанда, капиталым шетелде деп жүрген заманда Бөкейханов біз үшін бөлек тұлға. Алаш идеясы болашақты біздің әлі де нәр алатын үлкен байлығымыз. Бөкейханов ұлттың сана-сезімі, дүниетанымы, тілі мен мәдениеті, дәстүрі атамекенде қалыптастынын айтып кетті. Жерінен айырылған ұлт, ұлттығынан да айырылады деп жазды. Жерді жеке меншікке берудің зияндығын айтты» , - дейді Амангелді Айталы.

Қоғам қайраткері рухани жаңғыруға қатысты ойларымен бөлісті.

«Бүгінгі рухани жаңғыру тұсында біз әлі этнографиядан шыға алмай жүрміз. Қазақ өзінің қазақтылығын сақтамағанда ол қазақ бола алмайды. Екінші жағынан әлемдік өркениеттен бөлек қалуға болмайды. Надан жұрт алдыңғы жұрттың киіп тастаған киімін киеді. Біз қазақ – сол надан жұртпыз. Орыстың, батыстың киіп тастаған киімін кию, еліктеу, сөйте тұра тыраштану, басқаның жолымен жүру, өзінді бұрын қорлаған, отарлаған халықтың мәдениеті мен психологиясына еліктеу, айналып келгенде ұлттың дамуына балта шабады. Біздің эстрадамыз, телевидениеміз не болып жатыр? Қазақ мәдениетін, әдебиетін өзінің қазақтылығын сақтамағанда ол қазақ бола алмайды», - дейді қоғам қайраткері.

Тағы оқыңыздар: 

"Зың-зың" әнін шығарған шымкенттік жігіт қауіпті дерттен көз жұмды

Ауыр дертке шалдыққан қазақ режиссері бір бөлмелі жатақханада өлместің күнін кешуде

Бағдат Мусин: Мен ХҚКО қызметкерлерін базаға кіру мүмкіндігінен айыратын едім

"Канело" берген уәдесінен айнып қалса, Головкин кіммен кездесуі мүмкін?

Дубайда ер адамның санына қол жүгірткен азамат түрмеден бір-ақ шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1659024-amangeldi-aytaly-zhuregi-qazaqstanda.html