RU

Ерекше көрікті қара нәсілді қыз санаулы сағат ішінде танымал жұлдызға айналды

Судандық бойжеткен Анок Уай студенттік фестивальдердің бірінде фотографтың назарына ілігіп, әлемге танымал болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фотограф оны бірден суретке түсіріп, фотоны өз желі парақшасына жария етеді. Осылайша АҚШ-қа оқу қуалап келген 19 жастағы ару санаулы сағатта танымалдыққа ие болған.

Желі қолданушылары Аноктың көркіне тәнті болғаны соншалық, белді сән агенттіктері бойжеткеннің ізіне түседі.

Арудың фотосы үш күн ішінде 10 мыңнан астам лүпіл жинап, желі қолданушылары Аноктың парақшасына жарыса жазыла бастайды.

"Фотограф "бүгінгі күнім сәтті өтті, бәлкім фотом вирустық танымалдыққа ие болады" дегенінде оның сөзін түсінбеген едім. Тек күлімсіреп, өз шаруаларыммен кете бердім", - деп сәтті күнін есіне алды Анок.

Бойжеткен бала кезінен модель болуды армандағанын да жасырмайды. Алайда сән агенттіктеріне баруға өзіне деген сенімсіздік кедергі болып келіпті.

Тағы оқыңыздар:

Тілі үш келіге дейін өскен аюдың күн көрісі қиындап кетті (фото)

20 мың долларын сарп еткен қырғыз қызы "Әлем Аруы" байқауына өтпей қалды

Тәнін жаман рухтардан тазартпақ болған ер адам өзін тірідей пісіріп тастады (видео)

Ішіне жын кірген адамдарды емдейтін ақтөбелік имам әруақтарға сенетінін ашып айтты

Бұрынғы ресейлік офицер кредиттен құтылу үшін "Ислам мемлекеті" сапына өтіп кеткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1659042-erekshe-korikti-qara-nasildi-qyz-sanau.html