RU

Түркияда жеңгетайлар қазақ қыздарын мәжбүрлеп жезөкшелікке салған

Түркияда қазақ қыздарын жезөкшелікке мәжбүрлеген жеңгетайлар ұсталды. Олар тек Қазақстан емес, бүкіл ТМД елдерінен жас қыздарды жинап, түріктердің қойнына салып берумен айналысқан деп хабарлайды КТК арнасы.

Қылмыстық топтың құрбаны болғандар арасында екі отандасымыз бар. Қалғаны Қырғызстан, Украина, Молдова мен Грузиядан барған бойжеткендер. Жеңгетайлар қыз саудасын Анталья қаласындағы үйлердің бірінде қыздырған.

Ал бұл туралы полицияға көршілері хабар беріпті. Сөйтіп, олардың қылмысы арнайы рейд барысында ашылды. Шетелдік қыздарды тәнін сатуға итермелеген - төрт адамнан тұратын топ. Олардың бірі Украина азаматы.

Жеңгетайлар Түркияға кілең жағдайы төмен, ақшаға мұқтаж қыздарды апарған. Әрі оларға жоғары жалақы уәде етіпті. Жезөкшелікпен айналысқандар арасында кәмелетке толмағандар да бар. Жат елде жеңіл жүріске түскен сегіз қыз бірден өз отанына қайтарылды.

Ал екеуі күдікті ретінде жергілікті полицияға жауап бергеннен кейін ғана босатылды.

Тағы оқыңыздар: 

"Зың-зың" әнін шығарған шымкенттік жігіт қауіпті дерттен көз жұмды

Ауыр дертке шалдыққан қазақ режиссері бір бөлмелі жатақханада өлместің күнін кешуде

Бағдат Мусин: Мен ХҚКО қызметкерлерін базаға кіру мүмкіндігінен айыратын едім

"Канело" берген уәдесінен айнып қалса, Головкин кіммен кездесуі мүмкін?

Дубайда ер адамның санына қол жүгірткен азамат түрмеден бір-ақ шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1659092-turkiyada-zhenhgetaylar-qazaq-qyzdaryn.html