RU

Алматылық жігіт Батырхан Шүкеновтың куәлігін ақыры өртеп тынды

Халықтың қаһарынан қорыққан сатушы Батырхан Шүкеновтың куәлігін ақыры өртеп тынды деп хабарлайды КТК арнасы.

Өмірден өткен әншінің құжатын сатып, ақшаға қарық болғысы келген алматылық жігіт қазір тергеліп жатыр. Оған ресми құжатты заңсыз алды деген айып тағылуда.

Сұрау барысында Әнуар есімді азамат, марқұм әншінің куәлігін тауып алғанын және оны ұзақ уақыт өзінде сақтағанын айтқан. Ал ақшадан қысылғанда құжатты сатамын деп хабарландыру беріпті. Бірақ өзінің бұл ісіне қатысты қоғамдағы қызу пікірталасты байқағанда бірден куәіліктің көзін жойған екен.

Естеріңізге сала кетейік, Батырхан Шүкеновтың жеке куәлігін сатамын деген хабарландыру 16 қазанда пайда болды. Алматылық Әнуар есімді сатушы әншінің құжатын мың долларға бағалаған.

Осыдан кейін оңай олжаға кенелгісі азаматтың басы дауға қалған болатын.

Тағы оқыңыздар: 

"Зың-зың" әнін шығарған шымкенттік жігіт қауіпті дерттен көз жұмды

Ауыр дертке шалдыққан қазақ режиссері бір бөлмелі жатақханада өлместің күнін кешуде

Бағдат Мусин: Мен ХҚКО қызметкерлерін базаға кіру мүмкіндігінен айыратын едім

"Канело" берген уәдесінен айнып қалса, Головкин кіммен кездесуі мүмкін?

Дубайда ер адамның санына қол жүгірткен азамат түрмеден бір-ақ шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1659120-almatylyq-zhigit-batyrkhan-shukenovtynh.html