RU

Мейрамханадағы елес бейнебақылау камерасына түсіп қалды (видео)

АҚШ-тың Калифорния шататындағы Вентура қаласында мейрамхана қызметкерлері ғимаратқа еніп алған елестен құтыла алмай жатқандарын айтып, дабыл қақты деп жазады oxu.az.

Қызметкерлердің бірінің айтуынша, сенбі күні таңертең жұмысқа келгенде ол құлап жатқан орындықты байқаған. Ер адам бірден бейнебақылау камерасына қарағанда орындықтың өз-өзінен құлғанын байқайды.

Ал келесі оқиға түс кезінде болған. Мейрамханада тамақтанып отырған клиенттің бірі орындықтың өз-өзінен қозғалғанын айтып, шағымданады. Кейін қызметкерлер бейнебақылау камерасын тексерсе, бойжеткеннің айтқаны рас болып шығады.

"Бұл бір қызық жағдай болды. Біз 27 жыл бойы жұмыс істеп келеміз бұндай оқиға тіркелмепті", - дейді мейрамхана қожайыны Дэйв Фолдз.

Алайда YouTube желісіндегілер бұл видеоның қолдан жасалғанын айтып, мейрамханада елес бар дегенге тіпті күмәнмен қарап отыр. Олар осындай әдіспен өздеріне көп адамды тартқысы келген қызметкерлерді де сөгіп тастады.

Тағы оқыңыздар: 

"Зың-зың" әнін шығарған шымкенттік жігіт қауіпті дерттен көз жұмды

Ауыр дертке шалдыққан қазақ режиссері бір бөлмелі жатақханада өлместің күнін кешуде

Бағдат Мусин: Мен ХҚКО қызметкерлерін базаға кіру мүмкіндігінен айыратын едім

"Канело" берген уәдесінен айнып қалса, Головкин кіммен кездесуі мүмкін?

Дубайда ер адамның санына қол жүгірткен азамат түрмеден бір-ақ шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1659167-meyramkhanadaghy-eles-beynebaqylau-ka.html