RU

Алматыда 125 миллион теңге ұтқан адамның видеосы желіде қызу талқыланып жатыр

Алматыда букмекерлік кеңседен 125 миллион теңге ұтып алған адамның видеосы желіде қызу талқыланып жатыр деп хабарлайды Vesti.kz.

Видео Instagram желісіндегі krutye_agashki тобында жарияланды. Осы уақыттың өзінде видеоны 50 мыңнан аса адам тамашалаған.

Видеода ер адам былай дейді: "Осылай боларын сезгендеймін", "Ливерпуль" өтті, "Барса" өтті, "Рома" - "Челси" өтті... 125 коэфицентке миллион қойдым".

Видеода айтылып отырған ойындар 18, 19 қазанда өткен Чемпиондар лигасына қатысты болуы мүмкін.

Қолданушылардың кейбірі видеоның жарнама мақсатында түсірілген болуы мүмкін екенін айтады. Алайда Қазақстан букмекерлер ассоциациясының өкілдері бұл деректі жоққа шығармады, бірақ растаған да жоқ.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!

Тағы оқыңыздар: 

"Зың-зың" әнін шығарған шымкенттік жігіт қауіпті дерттен көз жұмды

Ауыр дертке шалдыққан қазақ режиссері бір бөлмелі жатақханада өлместің күнін кешуде

Бағдат Мусин: Мен ХҚКО қызметкерлерін базаға кіру мүмкіндігінен айыратын едім

"Канело" берген уәдесінен айнып қалса, Головкин кіммен кездесуі мүмкін?

Дубайда ер адамның санына қол жүгірткен азамат түрмеден бір-ақ шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1659195-almatyda-125-million-tenhge-utqan-adamnynh.html