RU

"Жеңгетайлық" жасаған рудныйлық экс-депутатқа сот үкімі шықты

Рудный қалалық мәслихатының экс-депутаты Юлия Каралаш үш жылға шартты түрде сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Астана арнасы хабарлайды.

Іс материалында интимдік детальдар болғандықтан, сот отырысы жабық түрде өтті.

«Жеңгетайлық» бабы бойынша айыпталған Каралаш кінәсін толық мойындап, прокурормен процестік келісім жасасқан. Жаза мерзімі біткенше, ол пробациялық бақылауда болады.

Еске салайық, 25 жастағы Юлия Каралаш бұған дейін өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірінде қызмет атқарған.

Сан мәрте арулар сайысына қатысып, жеңімпаз атанған арудың есімі қала жұртшылығына жақсы таныс. Өзінің интернет дүкені де бар.

Тағы оқыңыздар: 

Назерке Әріпті өлтірді деген күдікті бұған дейін жақсы тәртібі үшін түрмеден ерте босаған

Тергеушінің есімін кеудесіне ойып жазған жігіт өзінің кінәсіз екенін айтып, ашынды (фото)

Алматылық жігіт Батырхан Шүкеновтың куәлігін ақыры өртеп тынды

Алматыда 125 миллион теңге ұтқан адамның видеосы желіде қызу талқыланып жатыр

Мейрамханадағы елес бейнебақылау камерасына түсіп қалды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1659246-zhenhgetaylyq-zhasaghan-rudnyylyq-eks-de.html