RU

Қазақстан Бішкекте наразылыққа шыққан қырғыз азаматтарына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Бішкекте наразылыққа шыққан қырғыз азаматтарына қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды КТК арнасы.

Жол картасы – қазақ-қырғыз арасындағы экономикалық жанжал мен шекарадағы дау-дамайды реттеуі керек болған. Бірақ маңызды құжаттың бүгін-ертең қабылданатын түрі жоқ. Өйткені, оған біздің үкіметтің көңілі толмай, толықтыруға жіберген. Сенаторлар бұл көрші елдер арасындағы алыс-берістің ушығуына әсер етпейді деп сендіруде.

"Бұл жұмыс процесі. Әлі де болса мемлекеттер арасында келіссөздер жүреді. Жол картасына қол қойылмады деп, бұған мысалы үлкен трагедия я болмаса мемлекет арасындағы қарым-қатынастың үзілуі деп қарамау керек", - дейді сенат депутаты Асқар Бейсенбаев.

Жол картасын әзірлеу туралы екі елдің премьерлері өткен аптада келіскен. Бірақ айырқалпақты ағайын алыс-берісті реттеуді өздері сұрап келіп, енді міндеттемелерін толық орындамай отыр. Яғни, қырғыз кәсіпкерлері салық төлеуден әлі жалтарып келеді екен.

Қытайдан миллиондардың затын алып шығып, еліміздің шекарасына келгенде тауар құнын жалған құжатпен төмендетіп көрсетеді. Ал соның кесірінен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер миллиондарынан қағылып отырғанын Бақытжан Сағынтаев күні кеше Арменияда өткен жиында айтқан. Енді депутаттар да бұдан саяси астар іздеудің қажеті жоқ деп отыр.

"Осыдан біраз жыл бұрын сүт тауарларына қатысты. Кейін мынау жеңіл өнеркәсіпке қатысты тауарларды тексеру күшейтілген болатын. Сол сияқты бұл да жоспарлы істеліп жатқан жұмыс. Сондықтан бұл Атамбаевтың айтқан сөздеріне қатысты емес", - дейді сенат депутаты Асқар Бейсенбаев.

Бірақ Алатаудың ар жағындағы ағайын бұлай ойламайтын секілді. Шекарадағы тексерісті әдейі күшейтіп, елімізді қыспаққа алып жатыр деген бір топ қырғыз азаматы бүгін Қазақстан елшілігінің алдында наразылыққа шыққан.

"Қазақстанның Бішкектегі елшілігінің алдында 20-30 адамның қатысуымен наразылық шарасы өтті. Біздің ойымызша, ереуілге шыққан қырғыз азаматтары екі елдің шекарасындағы жағдайдан бейхабар болуы керек", - дейді Сыртқы істер министрлігі.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі жауапты осылай қысқа қайырды. Яғни, шекарадағы қатаң тексеріс заң бұзған қырғыз кәсіпкерлеріне қатысты ғана жүріп жатыр. Ары-бері қатынаған қарапайым халыққа тосқауыл жоқ.

Сондықтан бауырлас елге бекер даурықпауға кеңес берді. Ал дауға айналған жол картасын қабылдау жақын күндері қайта талқылануы мүмкін.

Тағы оқыңыздар: 

Назерке Әріпті өлтірді деген күдікті бұған дейін жақсы тәртібі үшін түрмеден ерте босаған

Тергеушінің есімін кеудесіне ойып жазған жігіт өзінің кінәсіз екенін айтып, ашынды (фото)

Алматылық жігіт Батырхан Шүкеновтың куәлігін ақыры өртеп тынды

Алматыда 125 миллион теңге ұтқан адамның видеосы желіде қызу талқыланып жатыр

Мейрамханадағы елес бейнебақылау камерасына түсіп қалды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1659281-qazaqstan-bishkekte-narazylyqqa-shyqq.html