RU

Жапонияда екі дана құрма бес мың АҚШ долларына сатылып кетті

Жапонияда екі дана құрма 5000 АҚШ долларына сатылды. Ерекше сұрыпты "тэнкафубу" құрмасын өсіріп, дайындауға 11 жыл уақыт кеткен деп хабарлайды massaget.kz.

Бәссауда кезінде екі дана құрма 540 мың иенге (5 000 АҚШ доллары шамасы) бағаланған. Бұл жайында жұртшылыққа Жапония ауыл шаруашылығы қауымдастығының өкілі Ито Есиюки хабарлады.

"Өзім дәмін татып көрмедім. Жұрттың айтуы бойынша өте дәмді құрма. Жегенде қытырлап, жапон алмұрты секілді сезіледі. Содан соң құрамында қант мөлшері көп", - дейді Ито.

Құрмаларда қант мөлшері Брикс шкаласы бойынша 15-16 градус болса, бәссаудада сатылған екі дана құрманың тәттілік мөлшері 25 градусқа тең болған.

Бір құрманың салмағы 300 граммды тартқан.

Тағы оқыңыздар: 

Назерке Әріпті өлтірді деген күдікті бұған дейін жақсы тәртібі үшін түрмеден ерте босаған

Тергеушінің есімін кеудесіне ойып жазған жігіт өзінің кінәсіз екенін айтып, ашынды (фото)

Алматылық жігіт Батырхан Шүкеновтың куәлігін ақыры өртеп тынды

Алматыда 125 миллион теңге ұтқан адамның видеосы желіде қызу талқыланып жатыр

Мейрамханадағы елес бейнебақылау камерасына түсіп қалды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1659342-zhaponiyada-eki-dana-qurma-5000-aqsh-dollary.html