RU

Желаяқ футболшы 60 метрді 6 секундта жүгіріп жұртты таңғалдырды

Индонезияның "Борнео" командасында ойнайтын Теренс Пухири есімді футболшы асқан жылдамдығымен жұртты таңдандырды деп жазады massaget.kz.

Twitter желісіндегі FootyMemes парақшасында жарияланған шолуда футболшы 60 метрді 6 секундта жүгіріп өткен. 21 жастағы футболшының бойы 157 сантиметр екен.

Бойы аласа болса да, футболшының шапшаңдығына таңданғандар саны көп. Әлеуметтік желілерде оны әлемдегі ең жылдам футболшы деп те атауда.

Кей әлеуметтік желі қолданушылары Теренс Пухириға дортмундтық "Боруссияға" ауысуға кеңес берген. "Неміс командасы келер жылы Усейн Болтпен осы ойыншыны алса екен" - деп пікір қалдырғандар да кездескен.

Тағы оқыңыздар: 

Назерке Әріпті өлтірді деген күдікті бұған дейін жақсы тәртібі үшін түрмеден ерте босаған

Тергеушінің есімін кеудесіне ойып жазған жігіт өзінің кінәсіз екенін айтып, ашынды (фото)

Алматылық жігіт Батырхан Шүкеновтың куәлігін ақыры өртеп тынды

Алматыда 125 миллион теңге ұтқан адамның видеосы желіде қызу талқыланып жатыр

Мейрамханадағы елес бейнебақылау камерасына түсіп қалды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1659349-zhelayaq-futbolshy-60-metrdi-6-sekundta-zhug.html