RU

Той жарыс: Қоржынды ат арбамен әкелген құдалар елді таңдандырып тастады (видео)

Қазақ тойындағы қызықты жайттар таусылар емес. Бір-бірінен асып түсіп, ерекшеленгенді жақсы көретін ел тұрғындары қоржынды сандықтап әкеліп, енді бірі түйе керуенімен әкеліп айды аспанға бір-ақ шығарып жатса, бұл жолы арнайы ат арбамен келген құдалар елді тіпті таңдандырып тастады.

Желіде қыз жасауын немесе қоржынды ат арбаға салып әкелгендердің видеосы пайда болды. Видеоны көрген жұрт бұл той Шымкентте болған десе, енді Тараз өңірінде болғанын жарыса жазуда.

Желі қолданушылары: "Күшті екен. Келін болған қызда да, күйеу болған жігітте де арман жоқ қой. Мынандай жасап жатқан ата-анасына рахмет. Төрге шыққан құдағи мен құдада арман жоқ. Ұзағынан болсын", "Бұл Шымкентте шығар, олар осындайды жақсы көреді", "Салт дәстүр жақсы ғой, көрпесіне қарай көсіл дегендей, ысырап болмаса екен", - деп түрлі пікірін жаудыруда.

Тағы оқыңыздар: 

Қазақстан Бішкекте наразылыққа шыққан қырғыз азаматтарына қатысты мәлімдеме жасады

"Жеңгетайлық" жасаған рудныйлық экс-депутатқа сот үкімі шықты

Атышулы Төлешовтен тәркіленген сәйгүліктер соғымға кетіп жатыр

Желаяқ футболшы 60 метрді 6 секундта жүгіріп жұртты таңғалдырды

Жапонияда екі дана құрма бес мың АҚШ долларына сатылып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1659450-toy-zharys-qorzhyndy-arbamen-akelgen.html