RU

Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы байлығына бірнеше ел таласып жатыр

Швейцарияның федералды прокуратурасы Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнәр Каримованың 2012 жылы бұғатталған ақшасына қатысты тергеу ісін енді аяқтады. Мәселе 800 миллион АҚШ долларына қатысты. Іс әлі сотқа берілмеді. Бірақ бұл ақшаға талас басталып кеткен деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

«2012 жылдың шілде айында алты адамға, оның бірі Гүлнәр Каримоваға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар көлеңкелі ақшаның ізін жасырмақ болды деп айыпталады. Швейцария прокуратурасы әзірге 800 млн франкті (шамамен 784 млн АҚШ доллары) бұғаттап отыр. Бұл іс 19 елдің құқықтық көмегімен жүзеге асырылды», – делінген Швейцарияның федералды прокуратурасы таратқан мәлімдемеде.

«Берн декларациясы» тәуелсіз ұйымының сарапшысы Оливье Лонгшан Гүлнәр Каримованың ісі халықаралық құқықтануда ең былыққа батқан іс екенін айтады.

"Негізінде бұғатталған ақша мен байлықтың жалпы сомасы бір млрд доллар. Екіншіден, бұл істі 19 елдің заңгерлері қарап жатыр. Бұл мәселеде аталған елдердің заң өкілдері арасында кикілжіңнің туындауы заңды" , – дейді Оливье Лонгшан.

Сол себептен Швейцария прокуратурасы тезірек істі сотқа беруге мүдделі дейді сарапшы Лонгшан.

Le Temps газетінің 19 қазанында жарық көрген мақаласында бұғатталған ақшаға негізінен Өзбекстан, АҚШ және Голландия таласып отырғаны айтылған. Ресми Ташкент өзбек ақшасын елге қайтаруды талап етеді.

АҚШ болса, қаржы жымқыру америка банктері арқылы жүзеге асқан дейді. Ал Голландия болса, пара берген өз елінің компаниясы, бұл голландықтардың ақшасы деп есептейді.

Тағы оқыңыздар: 

ШҚО-да кәсіпкер әйел туған ауылындағы мектеп кабинетін толығымен жабдықтап берді (фото)

"Жеңгетайлық" жасаған рудныйлық экс-депутатқа сот үкімі шықты

Атышулы Төлешовтен тәркіленген сәйгүліктер соғымға кетіп жатыр

Желаяқ футболшы 60 метрді 6 секундта жүгіріп жұртты таңғалдырды

Жапонияда екі дана құрма бес мың АҚШ долларына сатылып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1659488-shveycariyada-bughattalghan-gulnar-kari.html