RU

Сүйіктісін қызғанған ер адам оны өлтіріп, ауласына көміп тастады

Қырғызстанның Жайыл ауданында ер адам сүйіктісін аяусыз өлтіріп, ауласына көміп тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы kaktus.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

26 қазан күні шамамен 14:15-те инспекторға Алтын ауылындағы аулалардың бірінде әйелдің мәйіті көмілгені туралы ақпарат келіп түседі.

Ол әйелдің мәйіті жатқанына көз жеткізгеннен кейін, шұғыл түрде күдіктіге іздеу салынды. Нәтижесінде үй қожайынының 36 жастағы інісі құрықталып, ол өз кінәсін мойындады.

Белгілі болғандай, ер адам 19 қазан күні кешке қызғанышқа бой алдырып, сүйіктісінің басынан ауыр соққы жасаған. Жарақаттан оқиға орнында тіл тартпай кеткен әйелді ғашығы үйінің ауласына көме салуды жөн санапты.

Ол осылайша қылмысын жасырмақ болған. Ер адамның құрбанына айналған әйел 30 жастағы Талас облысының тумасы екені анықталды.

Тағы оқыңыздар: 

Қазақстан Бішкекте наразылыққа шыққан қырғыз азаматтарына қатысты мәлімдеме жасады

"Жеңгетайлық" жасаған рудныйлық экс-депутатқа сот үкімі шықты

Атышулы Төлешовтен тәркіленген сәйгүліктер соғымға кетіп жатыр

Желаяқ футболшы 60 метрді 6 секундта жүгіріп жұртты таңғалдырды

Жапонияда екі дана құрма бес мың АҚШ долларына сатылып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1659540-suyiktisin-qyzghanghan-er-adam-ony-olti.html