Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Амангелді Айталы: Дінге сатқындық жасаған жігіттер ұлтқа да сатқындық жасайды

Опубликовано:

Қоғам қайраткері Амангелді Айталы Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған конференцияда елді алаңдатып отырған дін мәселесіне қатысты сөз қозғады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Ұлтты ұстайтын - дін. Қазір баспасөз бетінде осы дінді не істерімізді білмей жүрміз. Ши шықпасын, экстремистер болмасын дегеннің төңірегінде. Негізінде, Әлихан Бөкейхан алғашқы білімді ауыл имамдарынан алды. Тек Әлихан емес, алаштың көптеген қайраткерлері имамдардан сауат ашқан. Қазіргі біздің саясат қалай болғанда да балаларды мешітке жолатпау болып тұр. Бұл дұрыс емес. Буыны қатып кеткесін ол балалар дінге салқындық жасайды, дінге салқындық жасаған кезде ұлтқа салқындық жасайды. Көп жағдай мешіттегі имамдардың уағыздарына, ата-аналарға байланысты болып тұр. Біздегі медресенің басшысымен сөйлестім. Онда 9-11 бітірген балаларды алады екен. Оның айтуынша, 11 бітірген балалардан гөрі 9 сынып бітірген балалар имамдылыққа икемді», - дейді Амангелді Айталы.

Қоғам қайраткері экстремистік сипаттан қорқып, діннен безіп кету қаупінен сақтандырды. Амангелді Айталы көп жағдайды бұны Әлихан Бөкейханның тілімен түсіндірді.

«Әлихан Бөкейханов имандылық пен парасаттылықтың дінмен бірге келетінін айтты. Дін ұлттың өзінің ұлттық қасиеттерін сақтауға бірден бір себеп. Діннен айырылу ұлттық қасиеттен айырылумен бірдей. Бұл салада бізді ойландыратын нәрселер әлі көп. Қанша дінді сыйласасақ та бұға беру қазаққа жараспайды, бүгін де жараспайды. Тарих қазақтың өзінің қолында. Бүгінгі тарихи ертеңге ұрпаққа үйретуші, жол көрсетуші, бүгінгі ұрпаққа кешегі бабалардың игі ісі үлгі»,- деді Амангелді Айталы.

Тағы оқыңыздар: 

Қазақстан Бішкекте наразылыққа шыққан қырғыз азаматтарына қатысты мәлімдеме жасады

"Жеңгетайлық" жасаған рудныйлық экс-депутатқа сот үкімі шықты

Атышулы Төлешовтен тәркіленген сәйгүліктер соғымға кетіп жатыр

Желаяқ футболшы 60 метрді 6 секундта жүгіріп жұртты таңғалдырды

Жапонияда екі дана құрма бес мың АҚШ долларына сатылып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1659542-amangeldi-aytaly-dinge-satqyndyq-zhas/

pixel