RU

Қапшағай тас жолындағы жантүршігерлік жол апатынан әйелдің басы жұлынып кетті

Алматы-Қапшағай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Көлік қаққан әйелді тағы екі көлік басып өтіп, оның басын жұлып әкеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Жол апаты жарық жалғанбаған қараңғы аймақта болған. Белгісіз көлік әйелді қағып кеткеннен кейін оған көмектеспей ізін суытады.

Салдарынан әйел оқиға куәгерлері шақырған жедел жәрдем көлігі жетпей жатып, тіл тартпай кетті. Дәрігерлер оқиға орнына келіп жеткенге дейін осы жолдың бойымен келе жатқан Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі қараңғыда әйелдің мәйітін байқамай қалып, оның үстінен жүріп өтеді.

Оның артынан келе жатқан "Мерседес" көлігі де жарықтың жоқтығынан мәйітті байқамай, жаншып өткен.

Нәтижесінде үш бірдей көліктің астында қалған әйелдің басы жұлынып кетті.

Toyota және Mercedes жүргізушілері оқиға орнына полиция мен дәрігерлерді шақыртқан.

Әйелдің жеке құжаттары болмағасын, оның кім екенін анықтау мүмкін болмады. Тергеу жүргізілуде.

Тағы оқыңыздар: 

Қазақстан Бішкекте наразылыққа шыққан қырғыз азаматтарына қатысты мәлімдеме жасады

"Жеңгетайлық" жасаған рудныйлық экс-депутатқа сот үкімі шықты

Атышулы Төлешовтен тәркіленген сәйгүліктер соғымға кетіп жатыр

Желаяқ футболшы 60 метрді 6 секундта жүгіріп жұртты таңғалдырды

Жапонияда екі дана құрма бес мың АҚШ долларына сатылып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1659596-qapshaghay-tas-zholynda-zhanturshigerlik-2.html