RU

17 жасында сүндеттелген қазақ жігіті сүндет тойын дүркіретіп өткізді

Алматы облысында белгілі бір себептермен баласын 17 жасында ғана сүндеттеген ата-анасы сүндет тойын дүркіретіп өткізді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Алматы облысының тұрғыны Жадыра жуырда күйеуімен бірге сүндет тойға барып, қатты таңғалғанын жасыра алмады. Оның айтуынша, тойға барған қонақтар сүндеттелген жігіттің 17 жаста екенін білмеген.

"Күйеуімнің бастығы сүндет тойға шақырды. Тойға барып отырдық. Бір кезде сүндеттелген баланы елге таныстырды. Жұрт тілегін айтып жатыр. Ал біз болса, бұрын аралас-құраласымыз жоқ болғандықтан, қатты таңғалдық. Себебі, сүндеттеліп жатқан баланың жасы 17-де екен. Баланың елден қысылып тұрғаны шамалы.

Ал әке-шешесі болса, кішкене баланы сүндеттегендей, мәз-мейрам болып жүр. Олардың жағдайы бар, қалталы кісілер. Мұндайды мүлдем ойламадық", - дейді ол.

Ол күйеуінің бастығы осынша жасқа келіп, баласына неге сүндет той жасап жатқанын сол күйінше біле алмағанын айтады. Мінезі қатты бастығына артық сұрақ қоя алмайтын қызметкерлер оның бұлай жасауының себебін де сұрай алмаған.

"Бәлкім денсаулығында ақауы бар шығар. Бірақ баланың ондай бір ерекшелігін байқамадық. Дегенмен, мұндай кездерде елге себебін түсіндіріп айтқан жөн сияқты, болмаса олай дүркіретіп мейрамханаға жар салмауы керек еді", - дейді келіншек.

NUR.KZ порталы біршама жасқа келіп, сүндеттелмеген тағы бір қазақ жігітінен сұхбат алып, ата-анасының не себептен мұсылмандықтың басты шартын дер кезінде орындамағанын сұрап білді.

Өскемен қаласының тумасы Сәкен (ред. - аты-жөні кейіпкердің сұрауымен өзгертілді) ата-анасының оны жиырма жасқа дейін сүндеттемегенін айтты. Оның айтуынша, коммунистік партияның идеологиясы мен заңдарын қатаң сақтайтын оның әкесі үлкен ұлын сүндеттемеген.

Кейіннен 80-жылдары Алматыға көшіп келген соң, ол достарымен ортақ моншаға барып, қатты ұялғанын жасырмады. Жолдастары оның мұсылман еместігін бетіне басып, онымен араласпай қойған екен.

Осылайша ол молдаға барып, жиырма жасында мұсылмандыққа аяқ басқанын айтады. 

"Әкеміз оқыған, бір мекеменің басшысы болған Өскеменде. Біздің отбасы ол жылдары мұсылмандықты, дінге бет бұруды ар санаған екен. Бір жағынан қызметінен де қорқады. Сосын, Өскеменде ол жылдары молда да болмаған екен. Біз жақ орыстанып кеткен ғой. Қазақ мектебі де біреу ғана болды.

Бұл идеологияның әсері ғой. Оңтүстік өңірлерде тығып болса да, балаларын сүндеттеген дейді. Ал бізде ондай жөні түзу адам болмаған. Ауылда тұрсақ, бәлкім олай" болмас па еді. Менен кейінгі інімді он екі жасында сүндеттеді" , - деп түсіндірген ол өзі сияқты сүндеттелмеген жастар солтүстік өңірлерде де табылатынын айтты.

Тағы оқыңыздар:

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов есек арбамен жүрген кездерін еске алды (фото)

Мақпал Жүнісова анасы Заманбектен кейін тұрмысқа шығуына тыйым салғанын айтты

Атамбаев ұсынған жаңа мереке Ресейдің ашуын келтірді

Алматылық келіншек күйеуі қайтыс болған соң енесімен соттаспақ (фото)

Алтынай Жорабаева Сәбиттің туған қыздарын іздемейтінін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1659609-17-zhasynda-sundettelgen-qazaq-zhigiti-su.html