RU

Астанада "Казахювелир" премиум-бутигі ашылмақшы

26 қазанда Астанада «Казахювелир» АҚ премиум-бутигі ашылды. Осыған орай компания журналистер мен астаналық блогерлерді пресс-ланчқа шақырды. «Төртінші билікті» компанияның бірінші тұлғалары  – президент Ғайша Жұмашева, өндіріс бойынша директор Алмаз Жұмашев пен геммолог Влад Григорян қарсы алды.

Премуим-сыныптағы жаңа бутиктің ашылуы компанияның өндірісті дамыту және халықаралық нарыққа шығуы бойынша жаңа жоспарларымен байланысты.

Ғайша Жұмашеваның сөзінше, ең жақын жоспарда Ресей нарығы тұр. «Қазіргі уақытта ҚР-дағы зергерлік бұйымдар импортында ресейлік өнімдер көп. Біз «этно» үлгісіндегі айрықша бұйымдар арқылы кері экспансияны жоспарлап отырмыз. Бұл үлгі күллі әлемге танымал. Бірақ, біз ең жақын көршімізден бастауды жөн деп таптық. Біздің шеберлер дәстүрлі қазақ мотивтерін ерекшелендіре түсіп, керемет эскиздер дайындайды. Менің ойымша, онда біз сібір этникасына салмақты бәсеке құра аламыз. Бұл салада бізбен ешкім бәсекелес бола алмайды деп айтуға болады».

Премиум-бутиктің Астанада ашылуын да елорданың шетелдік қонақтар арасында танымалдығының арта түсуімен түсіндіруге болады. Сол себепті брендтің Астанада ұсынылуы іс жүзінде халықаралық деңгейдегі көрме әсерін береді. Ғайша Қуандыққызы айтқандай, «біз ең жақсы қабілеттерімізді көрсетуге дайынбыз!».

«Жақсы» деп «Казахювелирге» қатысты жай айтылып отырған жоқ. Компания мәртебесі мен сенімділігі жағынан мемлекеттік деңгейде бағаланды. Мәселен, былтыр Республиканың ең тәжірибелі зергерлері зергерлік бұйымдарды сынамалау, таңбалау үшін ресми түрде аккредитация алды. Ал, бұрын мұндай құқық тек «НаЦЭкС» АҚ-да болатын.

«Біз сарапшы мәртебесін адал иелендік. Компанияның нарықта болуына 76 жыл толды. Біз ҚР зергерлік саласының дамуы Жол картасын дайындау мен талқылауға қатыстық, зергерлік нарықтың барынша ашық болуын, мысалы «сұр» импорттың жолын кесуге бағытталған реттеу және бақылау шараларын алға тартып келеміз. Алмаз Жұмашевтің айтуынша, осылай болуы тиіс. - Ал,қазақстандықтарды «жабайы» нарықтан әкету және олардың қаражаттарын күдікті салымдардан қорғау және сапаның не екенін көрсету үшін біз ел аумағында жаңа дүкендер ашып жатырмыз. Біздің салондар желісінде тек «Казахювелир» АҚ өнімдері емес,  Ресей, Армения, Беларусь, Германия мен Италия бұйымдары да ұсынылған. Олардың барлығы жоғары сапалы. Сонымен бірге, біз барлық тауарларымызға өмірлік кепілдеме береміз.»

Ашылу салтанатына компанияның басты серіктесі – аффинаждық «Тау-Кен Алтын» ЖШС зауыты да қатысты. Зауыт директоры Мейрамғали Тілеужанов Жол картасының оң әсерін атап өтті. Енгізілген шаралар зауыт пен оның басты тұтынушылары  - ел зергерлерімен ықпалдастықты жеңілдетті. «Жол картасы толықтай күшіне енген жоқ, бірақ республиканың 10 зергерлік өндірісі бізден алтынды тікелей сатып алады. «Казахювелир» АҚ – зергерлер арасында аффинаждық алтын мен күмісті ең ірі сатып алушы болып табылады. Зауыттың негізгі қуаты Халық  банкінің қажеттіліктерін өтеуге бағытталған. Биыл біз 15 тонна алтын тасымалдадық, келер жылы елдің алтын валюта қоры үшін  20 тонна жеткізу жоспарда бар».

*PR құқында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1659618-astanada-kazakhyuvelir-premium-butigi.html